ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУFarabi University

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

14 қыркүйек, 2025
  • Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына қатысты. 
  • Жансейіт Қансейітұлы ҚазҰУ-ға арнайы жұмыс сапармен келген Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқу ордасының ғылыми инфрақұрылымын таныстырды. 
  • ҚазҰУ ректоры «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты мен робототехника орталығының ресми ашылуына қатысты. 
  • ЖОО басшысы Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңес отырысына қатысып, қаланың дамуына қатысты өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады.
  • Ректор «Space Days Kazakhstan – 2025» халықаралық форумында сөз сөйледі. 
  • Жансейіт Түймебаев академик Яхия Әубәкіровтің туғанына 100 жыл толуына орай өткен «Қазақстанның ұлттық экономикасы: қазіргі кезеңдегі даму заңдылықтары» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. 
  • Оқу ордасының басшысы «Юань Чжэнь» қытайлық компаниясының бас директоры Тан Цзюлунмен кездесіп, ҚазҰУ базасында ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлейтін цех құру бойынша меморандумға қол қойды.
  • Жансейіт Қансейітұлы «Түркі әлемінің тарихы» атты ІІ халықаралық жиынында баяндама жасады. 
  • Жансейіт Қансейітұлы ҚазҰУ мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою және «Фараби студенттік ассамблеясы» ұйымының ашылу салтанатына қатысты. 
  • Ректор Қытайдың Халықаралық достық қалалар қауымдастығының инвестициялар тарту жөніндегі елшісі Тан Синьимен келіссөз жүргізді.