- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
14 қыркүйек, 2025

- Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына қатысты.
- Жансейіт Қансейітұлы ҚазҰУ-ға арнайы жұмыс сапармен келген Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқу ордасының ғылыми инфрақұрылымын таныстырды.
- ҚазҰУ ректоры «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты мен робототехника орталығының ресми ашылуына қатысты.
- ЖОО басшысы Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңес отырысына қатысып, қаланың дамуына қатысты өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады.
- Ректор «Space Days Kazakhstan – 2025» халықаралық форумында сөз сөйледі.
- Жансейіт Түймебаев академик Яхия Әубәкіровтің туғанына 100 жыл толуына орай өткен «Қазақстанның ұлттық экономикасы: қазіргі кезеңдегі даму заңдылықтары» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.
- Оқу ордасының басшысы «Юань Чжэнь» қытайлық компаниясының бас директоры Тан Цзюлунмен кездесіп, ҚазҰУ базасында ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлейтін цех құру бойынша меморандумға қол қойды.
- Жансейіт Қансейітұлы «Түркі әлемінің тарихы» атты ІІ халықаралық жиынында баяндама жасады.
- Жансейіт Қансейітұлы ҚазҰУ мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою және «Фараби студенттік ассамблеясы» ұйымының ашылу салтанатына қатысты.
- Ректор Қытайдың Халықаралық достық қалалар қауымдастығының инвестициялар тарту жөніндегі елшісі Тан Синьимен келіссөз жүргізді.
Басқа жаңалықтар

14 қыркүйек, 2025

13 қыркүйек, 2025

13 қыркүйек, 2025