- Басты бет
- БАжҚБИ
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде инклюзивті білім беру курстары басталады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде инклюзивті білім беру курстары басталады
 
                2025 жылдың 22 қыркүйегінен бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамына арналған инклюзивті білім беру курстары өз жұмысын бастайды.
Курстың негізгі мақсаты – оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыра отырып, білім беру процесінде әртүрлі мүмкіндігі бар студенттердің тең дәрежеде білім алуына жағдай жасау.
Бағдарлама аясында тыңдаушылар:
- 
	инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибелерімен; 
- 
	заманауи әдістемелер мен педагогикалық технологиялармен; 
- 
	оқу процесін ұйымдастырудағы қолжетімділік пен бейімдеудің тиімді жолдарымен танысады. 
Курстарды сәтті аяқтаған профессор-оқытушыларға арнайы сертификаттар табысталады.
Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты барлық қатысушыларға табысты оқу тілейді!
Басқа жаңалықтар
.jpg) 
                                .jpg) 
                                