Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде инклюзивті білім беру курстары басталадыFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде инклюзивті білім беру курстары басталады

16 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 22 қыркүйегінен бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамына арналған инклюзивті білім беру курстары өз жұмысын бастайды.

Курстың негізгі мақсаты – оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыра отырып, білім беру процесінде әртүрлі мүмкіндігі бар студенттердің тең дәрежеде білім алуына жағдай жасау.

Бағдарлама аясында тыңдаушылар:

  • инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибелерімен;

  • заманауи әдістемелер мен педагогикалық технологиялармен;

  • оқу процесін ұйымдастырудағы қолжетімділік пен бейімдеудің тиімді жолдарымен танысады.

Курстарды сәтті аяқтаған профессор-оқытушыларға арнайы сертификаттар табысталады.

Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты барлық қатысушыларға табысты оқу тілейді!