Академик Яхия Әубәкіровтің 100 жылдығына арналған ғылыми конференциядағы сөзі

Құрметті Саясат Нұрбекұлы!
Жәния Яхияқызы!
Құрметті қонақтар!
Биыл көрнекті ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор, академик Яхия Әубәкірұлы Әубәкіровтің туғанына – 100 жыл.
Мерейтойлық ғылыми конференцияға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы қатысып отыр.
Сонымен қатар Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов,
Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, Тұран университетінің ректоры Рахман Алшанұлы Алшанов ортамызда.
Академик Яхия Әубәкірұлы – еліміздегі экономика ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ірі ғалым, қайраткер тұлға.
Бірегей тұлғаның ұлттық экономиканы дамыту, жоспарлау мен басқару салаларындағы еңбектері бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Мемлекет басшысы қазіргі таңда ғылыми қауымдастық алдына экономиканы әртараптандыру міндеттерін қойып отыр.
Қазақстан халқына жолдауында да қоғамның барлық саласын цифрландырып, жасанды интеллект технологияларын енгізуді айрықша тапсырды.
Осы орайда, Яхия Әубәкіровтің ғылыми мұрасы жас ғалымдардың жаңа зерттеулеріне негіз болатыны сөзсіз.
Уважаемые участники конференции!
Уважаемые коллеги!
В Казахском национальном университете имени аль-Фараби сформировалась своя традиционная школа подготовки экономистов.
Академик Яхия Аубакиров является крупным представителем этой школы.
Его имя прочно связано с развитием экономической науки в Казахстане и становлением университетской научной школы.
Яхия Аубакиров окончил Омский государственный университет имени А.Горького.
В 1952 году он завершил аспирантуру на экономическом факультете нашего университета.
Научная деятельность академика Аубакирова охватывала широкий круг вопросов, касающихся теории и практики управления экономикой.
Он внёс неоценимый вклад в подготовку кадров, развитие научных исследований, создание учебных программ.
Экономическая наука играет ключевую роль в формировании эффективной государственной политики и развитии национальной экономики.
В университете экономическая наука выполняет три ключевые функции:
образовательную, исследовательскую и направленную на практическое применение знаний.
Она обеспечивает интеграцию академических знаний с потребностями реального сектора.
Участвует в разработке стратегий развития отраслей и регионов, способствует цифровизации и модернизации экономики страны.
Сегодня мы активно развиваем международное сотрудничество, разрабатываем образовательные программы, ориентированные на рынок труда.
Мы открыты к партнёрству в сфере научного консалтинга, цифровизации, технологического сопровождения и устойчивого развития.
Таким образом, наследие академика Яхии Аубакирова продолжает вдохновлять наше поколение учёных и педагогов.
Құрметті конференцияға қатысушылар!
Академик Яхия Әубәкірұлы Әубәкіровтің 100 жылдығына орай, «Қазақ университеті» баспасынан «Ғибратты ғұмыр» сериясымен кітап жарыққа шықты.
Жаңа жинақ бүгін қолдарыңызға тиіп отыр.
Мұндағы мақсат – көрнекті ғалымды еске алу ғана емес, ғылымдағы сабақтастықты жалғастыру, академиктің еңбектерін жаңаша саралау.
Аға буын ғалымдар мен жас мамандар тәжірибе алмасып, экономика тақырыбындағы жаңа зерттеулерге жол ашылатынына сенімдімін.
Конференция жұмысына табыс тілеймін!
Другие новости

