Жаңа декандар таныстырылдыFarabi University

Жаңа декандар таныстырылды

24 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бес факультетіне жаңа декан тағайындалды.

Декандарды оқу ордасының Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ұжымға таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Арнайы конкурс нәтижесінде доцент Мырзахан Егембердиев – шығыстану факультетіне, РhD, доцент Тимур Иманқұлов – ақпараттық технологиялар факультетіне,  доцент Мөлдір Дүйсебаева химия және химиялық технология факультетіне бекітілді.

Ал РhD Жоламан Бектемесов – механика-математика факультетінің,  экономика ғылымының кандидаты Жанна Ермекова Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев жаңа декандардың университеттің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру және студенттердің жан-жақты дамуына қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ білім беру сапасын арттыруда, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жаңа серпін беруде жүйелі жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі