ТДМ №11: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыуниверситеттік сенбілік өттіFarabi University

ТДМ №11: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыуниверситеттік сенбілік өтті

20 қыркүйек, 2025

Университетімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыуниверситеттік сенбілік ұйымдастырылды. Бұл маңызды шараға оқу ордамыздың оқытушы-ғалымдары, қызметкерлері және студенттерін қосқанда 5000-ға жуық адам қатысты.

«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру арқылы еліміздің тазалығын сақтау. Осы мақсатпен университет аумағы, оның ішінде оқу ғимараттары мен жатақханалардың айналасы, саябақтар мен стадион толықтай тазартылды. Сонымен қатар, кеңсе бөлмелері, дәліздер, оқу залдары мен аудиториялар да ретке келтірілді.

Сенбілікті қатысушыларға тазалық жұмыстарын тиімді әрі қауіпсіз жүргізу үшін қоқыс сөмкелері, күрекшелер, қолғаптар және қоқыс жинағыштар берілді. Барлық жиналған қалдықтар экологиялық талаптарға сәйкес сұрыпталып, қайта өңдеуге немесе жоюға жіберілді.

Университет экологиялық тұрақтылық пен қоршаған ортаны қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Алдағы уақытта да мұндай сенбіліктер тұрақты түрде өткізіліп, экологиялық білім беру мен практикалық жұмысты кеңейту жоспарлануда.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік – бұл тек тазалық емес, сонымен қатар экологиялық сана мен жауапкершілікті арттыруға бағытталған бірлескен маңызды іс-шара. Университеттің қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуі оқу-тәрбие үрдісінің маңызды бөлігі болып қала береді.