Гендерлік теңдік: Дауыс теңдігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің студенттері арасында куратор-эдвайзер Г.А. Канашаеваның бастамасымен 2025 жылдың 24 қыркүйегінде филология факультеті Ә. Қайдаров атындағы аудиторияда «Гендерлік теңдік: Дауыс теңдігі» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді. Іш-шарада Қазақстан,Түркменстан, Европа мен Америкада биліктегі әйелдер индексі салыстырыла отырып талқыланды. Council on Foreign Relations зерттеу орталығының мәліметтері бойынша жалпы саясатта және биліктегі әйелдердің саяси өкілдігі мен қатысу деңгейі даму үстінде. Қазақстанның индекс бойынша жалпы көрсеткіші орташа. Ең жоғарғы көрсеткіш 50% Европада. Дөңгелек үстел қатысушылары гендерлік саясат жайында өз ойларын бөлісіп, ерлер мен әйелдердің арасындағы теңдік жайында пікірлерін ортаға салды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түркітану және тіл теориясы кафедрасы және Түркітану 4 курс кураторы Г.A. Қанашаева. Аталған іш-шараға оқытушы-профессорлық құрамы және студенттер қатысты.
Басқа жаңалықтар


