Ауылдық аймақтарда цифрлық сауаттылық курстары басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты ауылдық өңірлерде цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған жаңа бастамасын Алматы облысы, Жамбыл ауданынан бастады. Алғашқы курстар Телтай Сәрсенбетов атындағы орта мектеп пен Тарғап орта мектебінде өтті.
Курстардың басты мақсаты – ауылдық аймақ тұрғындары мен ұстаздарына заманауи цифрлық технологияларды меңгеру мүмкіндігін ұсыну. Тыңдаушылар компьютерлік бағдарламаларды қолдану, интернет қауіпсіздігі, деректерді өңдеу және онлайн платформаларды пайдалану жолдарын үйренді. Қатысушылар сабаққа жоғары қызығушылық танытып, өз ризашылықтарын білдірді.
Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған ауылдық өңірлердің цифрлық теңдігін қамтамасыз ету, білім мен технологияға тең қолжетімділікті дамыту жөніндегі тапсырмаларымен үндеседі. Президент өз Жолдауында ауыл мектептері мен жергілікті қауымдастықтардың цифрлық даму деңгейін көтеруді басым бағыт ретінде айқындаған болатын.
Курстар әлі де жалғасуда. Алдағы уақытта бағдарламалар кеңейтіліп, қосымша онлайн сабақтар, жасанды интеллект негізіндегі құралдарды үйрету және цифрлық қызметтерді тиімді қолдануға арналған жаңа модульдер енгізілмек. Бұл жұмыс еліміздің әрбір аймағында ауылдық қауымдастықтардың білім деңгейін көтеріп, болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар
.jpg)
.jpg)