Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен өткізілген жиналысFarabi University

Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен өткізілген жиналыс

22 қыркүйек, 2025

    22.09.2025 ж Бүгін студенттер үйлерінің меңгерушілері мен студенттік қалашық мамандарымен бірлескен жиналыс өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – студенттер үйлеріндегі тұрмыс-тіршілік жағдайын, тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін талқылау, сондай-ақ студенттерге қолайлы орта қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды үйлестіру және алдағы міндеттерді айқындау болды.

    Кездесу барысында студенттер үйлеріндегі санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалу барысы, техникалық құрылғылардың жарамдылығы мен қауіпсіздігі, өртке қарсы жүйелердің дайындық деңгейі секілді маңызды мәселелер қаралды. Сонымен қатар, студенттер арасында тәртіп бұзушылықтардың алдын алу, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау, жатақхана ішіндегі мәдени-әлеуметтік ахуалды жақсарту, студенттік ұйымдар мен тәлімгерлік топтармен бірлескен жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері де кеңінен талқыланды.

 

    Жиналыста студенттік қалашық аумағындағы тазалық пен абаттандыру, күзгі-қысқы маусымға дайындық, тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған бастамалар, сондай-ақ жатақханада тұратын студенттердің өтініш-ұсыныстарын қарастыру және оларға уақытылы жауап беру жүйесін жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды. Қатысушылар студенттердің жайлы өмір сүруіне мүмкіндік туғызатын жағдайларды жасау – тек жатақхана меңгерушілерінің ғана емес, бүкіл студенттік қалашық ұжымының ортақ міндеті екенін атап өтті.