ҚазҰУ студенті әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы атандыFarabi University

ҚазҰУ студенті әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

29 қыркүйек, 2025

Өзбекстанның Үргеніш қаласында ересектер арасында әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 40 елден 500-ден астам спортшы қатысып, жасөспірімдерден бастап, ересектерге дейін барлық жас санаттары қамтылды.

Жоғары деңгейдегі дайындық пен шеберлігін көрсеткен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің 1-курс студенті Нұрсұлтан Жұбатқан 60 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі