Ұлдар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуFarabi University

Ұлдар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

3 қазан, 2025

    2025 жылғы 3 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттік қалашық мамандарының ұйымдастыруымен ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, ұлдар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында маңызды жиналыс өтті.

   Бұл шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер мен студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы тиімді әдістерді талқылау, жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу және олардың қоғамдағы орнын дұрыс қалыптастыру болды. Қатысушылар құқық бұзушылықтың қоғамға тигізетін теріс әсері мен оның негізгі себептері туралы ашық пікір алмасып, бұл мәселені шешудегі әртүрлі тараптардың, соның ішінде отбасылық тәрбиенің, білім беру мекемелерінің және қоғамдық ұйымдардың маңызды рөлін атап өтті.

    Жиналыс барысында ішкі істер органдары қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары, заңнамалық негіздер және жастардың құқықтық мәдениетін көтеру жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Студенттік қалашық мамандары өз тарапынан құқықтық тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын ерекше атап, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

    Қатысушылар жиналыстың жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы тиімді механизмдерді анықтауда маңызды рөл атқарғанын атап өтіп, университеттің бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруға және кеңейтуге ниетті екенін айтты. Сонымен қатар, мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізу арқылы жас ұрпақтың дұрыс бағытта дамуына және олардың қоғамдағы орнының нығаюына ықпал ету қажет екендігі жалпыға ортақ пікір ретінде қабылданды.