ТДМ №5: ҚазҰУ-да «Сұлулық күні» өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен магистранттардың “Сұңқар” кәсіподағы жанындағы “Сен сұлу” қыздар клубының ұйымдастыруымен “Сұлулық күні” атты ерекше іс-шара өтті. Бұл шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №5 бағыты — “Гендерлік теңдік” шеңберінде жүзеге асырылды.
Мереке аясында қатысушыларға рухани және эстетикалық қуаныш сыйлайтын түрлі бағдарламалар ұсынылды. Қыздар кәсіби мамандар өткізген шеберлік сағаттарына қатысып, өз-өзіне күтім жасау, сұлулық пен өзін-өзі бағалау жөнінде пайдалы кеңестер алды. Сондай-ақ ішкі үйлесім мен әйел сымбатының мәні туралы мазмұнды пікірталастар өтті.
“Сен сұлу” клубы бұл іс-шара арқылы әр қыз баланың табиғи сұлулығы мен даралығын танып, өзін сүю мен бағалаудың маңызын насихаттауды мақсат етті. Сонымен қатар, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру мен олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау көзделді.
“Сұлулық күні” нәзік жандардың сыртқы келбетін ғана емес, олардың ішкі әлемін, еркіндігін және өмірлік құндылығын дәріптеген мәнді шара ретінде есте қалды. Іс-шара қатысушыларға шабыт пен жылы әсер сыйлады.