- Басты бет
- Заң клиникасы
- Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балаим Кесебаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік заң клиникасының қызметімен танысты
Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балаим Кесебаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік заң клиникасының қызметімен танысты
2025 жылғы 23 қазан күні ТДМ-17 аясында Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балаим Кесебаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне жұмыс сапарымен келіп, студенттік заң клиникасының қызметімен танысты.
Іс-шараға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Қуаналиева Г.А., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары PhD Рашева Г.К., оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Есекеева А.А., сондай-ақ кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кездесу барысында Балаим Кесебаева заң клиникасының жұмыс бағытымен, студенттердің азаматтарға тегін заң көмегін көрсету тәжірибесімен және практикалық дағдыларын дамыту үдерісімен танысты.
Сондай-ақ студенттермен және оқытушылармен еркін форматта пікір алмасып, құқықтық мәдениетті арттыру мен жас заңгерлерді тәжірибеге бейімдеу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту, студенттердің кәсіби тәжірибесін кеңейту және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы бірлескен іс-шараларды жалғастыруға уағдаласты.