ҚазҰУ ғалымдары мен қызметкерлері мемлекеттік марапат алды
Ұлттық мереке – Республика күніне орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуы мен білім, ғылым саласын өркендетуге елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары, докторанттары мен қызметкерлері де мемлекеттік марапаттарға ие болды.
«ҚҰРМЕТ» орденімен:
Саракүл Нәлібаева – Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының директоры;

Алмат Исәділ – Ақпарат және коммуникациялар департаменті директорының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист;

Қанат Қожабек – Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ассистент-профессоры, PhD доктор;

Әлібек Шегебай – филология факультетінің докторанты, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист.

«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалімен:

Асылбек Ықсан – журналистика факультетінің аға оқытушысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы, журналист.
Әріптестерімізді мемлекеттік марапаттарымен құттықтаймыз!
Басқа жаңалықтар