ҚазҰУ-де «Мерекелі күз жәрмеңкесі» өтті
23 октября, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «Мерекелі күз жәрмеңкесі» жоғары деңгейде өтті. Бұл шараға барлық факультеттер белсенді түрде қатысты. Солардың ішінде Физика-техникалық факультеті ерекше белсенділік танытты.
Факультет деканы мен кафедра меңгерушілерінің қолдауымен студенттерге арнап бір қазан палау және 20 кг бауырсақ тегін таратылды. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, студенттер көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Мұндай бастамалар студенттердің бірлігін арттырып, университет ішіндегі ынтымақ пен жылылықты нығайта түседі.
Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Денсаулық пен амандықты сақтау» және 11-мақсаты – «Тұрақты қауымдастықтар мен қалалар» қағидаттарына сәйкес келеді.
Другие новости
23 декабря, 2025
23 декабря, 2025