ҚазҰУ спортшысы қазақ күресінен Азия чемпионы атандыFarabi University

ҚазҰУ спортшысы қазақ күресінен Азия чемпионы атанды

29 қазан, 2025

Сурет: Qazaq kuresi Ассоциация

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің 2-курс студенті Айдана Хасенқызы Түркістан қаласында өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионатында 48 келі салмақта чемпион атанды.

Түркістандағы Olympic Center спорт кешенінде өткен жарысқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Үндістан, Жапония, Иран, Моңғолия, Пәкістан қатарлы 15 мемлекеттен 200-ге жуық балуан қатысты.

Бұған дейін Айдана Хасенқызы Қазақстан Республикасының кубогы үшін жарыста алтын жүлдегер атанған болатын.

ҚазҰУ спортшысын кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі