Тұрақты дамуға арналған ғылыми жобалар ұсынылдыFarabi University

Тұрақты дамуға арналған ғылыми жобалар ұсынылды

30 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының Қазақстан жоғары оқу орындары ректорларымен кез­десуіне қатысты. Жиында ҚазҰУ басшысы ме­га­полистің тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір са­пасын арттыруға бағытталған ғылыми-инно­ва­циялық зерттеулерді ұсынды.

Жансейіт Түймебаев «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті да­муы­ның келешегі және Ал­ма­ты­ның түркі әлемінің жастар астанасы мәртебесіне бай­ла­нысты бастамалар» тақы­ры­бында баяндама жасады.

«Алматының Түркі мем­ле­к­­еттері ұйымының жастар астанасы ретінде бекітілуі – тек мақтаныш қана емес, со­нымен бірге үлкен жауап­кершілік жүктейтін тарихи оқиға. Бұл мәртебенің ар­қа­сында біздің қала тек түр­кі­тілдес елдер жастары үшін рухани орта ғана емес, шы­ғар­машылық пен білім, ин­но­вациялар мен ын­ты­мақ­­тас­тықтың алдыңғы қа­тар­лы алаңы болатынына сенім­ді­мін. ҚазҰУ Алма­ты­ның ха­лық­аралық беделін арт­­ты­руға бағытталған жо­балар арқылы өз үлесін қо­суға да­йын», – деп атап өтті рек­тор.

Сонымен қатар өз сө­зін­де Жансейіт Түймебаев уни­­вер­ситет ғалымдарының ғы­­­лыми тәжірибесіне және ха­­лық­ара­лық тәжірибеге не­гізделген ин­новациялық шешімдерін та­ныстырды.

Қазіргі уақытта ҚазҰУ-да Алматы қаласындағы ауаның сапасын геоақпараттық тех­но­ло­гиялар мен спутниктік зонд­тау арқылы монито­рин­гі­леу жүйе­сі халықаралық стандарт­тар­ға сәйкес жүр­гі­зілуде. Со­ны­мен қатар Алма­ты­ның сейс­ми­калық қауіп­сіз­дігін арттыру мақсатында ғи­мараттар мен инфра­құры­лымның жер сілкі­ніс­­теріне төзімділік моделін әзір­леу жұмыстары қолға алын­­­­ды.

Сондай-ақ Алматының әр­түр­лі аудандарындағы өмір сапасын талдау үшін кешенді тәсіл мен әлеуметтік, эконо­ми­ка­лық және экологиялық көр­сет­кіштер негізінде бақылау карталарын құру ұсынылады.

Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА