ТДМ № 4, 10: «Жігер» фестивалі ерекше жандар мен студенттерді біріктірдіFarabi University

ТДМ № 4, 10: «Жігер» фестивалі ерекше жандар мен студенттерді біріктірді

30 қазан, 2025

Алматы қаласындағы Sadu Arena спорт кешенінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған «Жігер» спорт фестивалі өтті. Бұл шараның басты мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген құлшынысын арттыру, олардың спортқа деген қызығушылығын қолдау және қоғамда инклюзияны дамыту болды.

Фестивальге әртүрлі оқу орындарынан, соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) студенттері де белсене қатысты. Олар ерікті ретінде көмек көрсетіп, қатысушыларға қолдау білдірді, сондай-ақ кейбірі жарыстарға да қатысып, өз күштерін сынады.

Спорттық жарыстар бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылды: шахмат, дойбы (шашки), футбол және жүзу (плавание). Әр сайыс тартысты әрі достық рухында өтті. Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, жаңа достар тауып, жақсы әсер алды.

Фестиваль соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Шараның атмосферасы жылы әрі шабытқа толы болды.

«Жігер» фестивалі — тек спорт мерекесі емес, бұл адамдар арасындағы түсіністік пен қолдаудың, мейірім мен бірліктің көрінісі. Мұндай іс-шаралар қоғамның әрбір мүшесіне мотивация беріп, мейірімді болуға шақырады.