ҚазҰУ студенті IRONMAN турнирін табысты аяқтады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Елдар Шекербек Түркияда өткен IRONMAN 70.3 Turkey халықаралық триатлон турнирінің кезекті кезеңінде жақсы нәтиже көрсетті.
Жарыстар Белек туристік орталығында өтті. Биылғы турнирге 88 елден 2000-ға жуық спортшы қатысты. Триатлон үш кезеңнен тұрды: жүзу, велосипед жарысы және марафондық жүгіру.

Триатлон жарысы Жерорта теңізінің жағалауында ашық суда 2 км жүзуден басталды. Кейін қатысушылар 90 км қашықтыққа велосипедпен жарысып, соңғы кезеңде 21 км марафондық жүгіруді еңсерді.

18-24 жас аралығындағы «Мастерс» санатында Елдар Шекербек 4 сағат 51 минут нәтижемен 11-орынды иеленді. Бұл – халықаралық деңгейдегі тәжірибелі спортшылар арасындағы үлкен жетістік.
ҚазҰУ спортшысын кезекті табысымен құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі