ҚазҰУ-дың 35 оқытушысы iPEER атағын алды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Халықаралық инженерлік оқытушы iPEER (International Professional Engineer Educator)» атағын табыстау салтанаты өтті. Аталған мәртебе Erasmus+ EduFusion NSG жобасы аясында ENTER халықаралық ұйымының тәуелсіз кәсіби бағалауынан табысты өткен ҚазҰУ оқытушыларына берілді.
Іс-шарада ҚазҰУ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алина Галеева құттықтау сөз сөйлеп, университеттің инженерлік білім сапасын арттыруда халықаралық сертификаттаудың маңыздылығын атап өтті. Ол бұл жетістіктің ҚазҰУ-дың жаһандық ғылыми-білім кеңістігіндегі беделін нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

ENTER халықаралық ұйымының президенті, профессор Хосе Карлос Куадрадо өз сөзінде EduFusion NSG жобасының Еуропалық одақ қолдауымен жүзеге асып жатқанын және оның Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Жобаның басты мақсаты – университеттер, өнеркәсіптік сектор және мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық экожүйесін қалыптастыру, инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу және жаңа буындағы оқытушыларды дайындау.

Жоба аясындағы негізгі бағыттардың бірі – WP3 жұмыс пакеті бойынша жүзеге асырылатын инженерлік бағыттағы оқытушылардың кәсіби дамуы мен халықаралық сертификаттау жүйесі TDSS (Teacher Development and Support System). Бұл жүйе оқытушылардың кәсіби құзыреттерін халықаралық деңгейде мойындатуға мүмкіндік береді және iPEER атағын берумен рәсімделеді.

Биыл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 35 оқытушысы «Халықаралық инженерлік оқытушы» атағын иеленді. Сертификаттарды салтанатты түрде профессор Хосе Карлос Куадрадо табыстады.

В этом году звание «Международный инженерный преподаватель» получили 35 преподавателей КазНУ имени аль-Фараби. Торжественное вручение сертификатов провел профессор Хосе Карлос Куадрадо, представляющий систему сертификации по стандартам EUR-ACE.







Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар