Horizon Europe бағдарламасы бойынша ақпараттық вебинар өтті
2025 жылдың 7 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылым департаменті «Introduction to Horizon Europe Program» атты онлайн вебинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушыларға Еуропалық Одақтың ғылыми және инновациялық бағдарламасы Horizon Europe туралы толық ақпарат беру, сондай-ақ қазақстандық ғалымдар үшін ашылатын халықаралық мүмкіндіктермен таныстыру болды.
Вебинар барысында келесі тақырыптар талқыланды:
- Horizon Europe бағдарламасының құрылымы мен негізгі бағыттары;
- Консорциумдық әріптестік және жобаға қатысу шарттары;
- Funding & Tenders Portal платформасы арқылы серіктес табу және өтінім беру үдерісі;
- Қазақстандық ұйымдардың бағдарламаға қатысу әлеуеті.
Арнайы шақырылған спикер – география ғылымдарының кандидаты Маштаева Шамшагүл Ибрагимқызы халықаралық ғылыми жобалардағы өз тәжірибесімен және пайдалы ұсыныстарымен бөлісті.
Вебинар университет ғалымдарының еуропалық ғылыми кеңістікке қатысуына және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға серпін берді.
Вебинарды төмендегі сілтеме арқылы көруге болады:
https://drive.google.com/drive/folders/1i0FBOQ9kVY-1G6wrrHdS56YrjfnqDGmg?usp=sharing
Басқа жаңалықтар