IFLA аясындағы волонтерлікFarabi University

IFLA аясындағы волонтерлік

10 қараша, 2025

Астана қаласында «Бі­лім­ді біріктіріп, бола­шақ­ты қалыптас­тырамыз» тақырыбымен Халықаралық кітапханалар қауым­дас­ты­ғы мен мекемелер фе­дера­ция­сының (IFLA) 89-шы Дүние­жү­зілік кітап­ха­налық және ақпараттық конгресі (IFLA WLIC 2025) өтті. 

Бұл ауқымды халықаралық шара Қазақстан мен тұтас Орталық Азия­ның кітапхана ісін әлемдік аре­на­да танытқан маңызды мәдени оқи­ғаға айналды. Конгреске әлем­нің 114 елінен 1852 делегат қаты­сып, олардың қатарында Қазақ­стан­нан келген 454 кітапханашы болды. Бұл көрсеткіш еліміздің әлем­дік кітапхана қауым­дас­ты­ғын­дағы беделінің артып келе жат­қа­нын және кәсіби саладағы ық­па­лы­ның кеңейгенін дәлелдейді. Кон­­гресс цифрландыру, инклюзия және тұрақтылық тақырыптарына на­зар аудара отырып, тәжірибе ал­масуға, инновацияларды талқы­лау­ға және кітапханалардың бола­ша­ғын бірлесіп қалыптастыруға арналған бірегей кәсіби алаңға айналды.

Өткен жылғы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидатын ерекше атап өтіп, кітапхана саласын да­мы­ту елдің стратегиялық дамуы үшін маңызды бағыттардың бірі екенін баса айтты. Осы тұрғыда IFLA кон­гресі Қазақстанның кітапхана са­ла­сына жаңа серпін беріп, халық­ара­лық тәжірибе мен кәсіби бай­­­ланыстарды нығайтуға зор мүм­кіндік жасады.

Ауқымды форумның негізгі ба­ғыттары қатарында «Цифрлық дәуір­дегі жинақтау: инклюзивтілік және тұрақтылық» атты Ұлттық кі­тапханалар секциясының отырысы маған ерекше әсер қалдырды. Семинарда цифрлық ресурстарды сақтау, ұлттық мәдени мұраны ци­фрландыру және баршаға қол­же­тім­ді ақпараттық орта қалып­тас­тыру мәселелері талқыланды. Сон­дай-ақ «Кітапханалар – аза­мат­тық қоғамның инкубаторы» атты сессияда кітапханалардың де­мо­кратия мен азаматтық қатысуды нығайтудағы рөлі айтылды. Ал «Болашаққа дайын кітапханалар: ақпараттық сауаттылыққа жасанды интеллектіні енгізу» панелінде жа­санды интеллект техно­ло­гия­ла­ры­ның білім беру және ақпараттық қыз­мет саласындағы тиімділігі қа­рас­тырылды. IFLA президенті Дон­на Шидер өз сөзінде кітап­ха­на­лардың жаһандық тұрақты даму мақсаттарына жетудегі маңызын ерекше атап өтіп: «Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін адамдарға қажет деректер массивтеріне, білім көз­деріне және ақпараттық-ком­му­ни­кациялық технологияларға қол­же­тімділікті қамтамасыз ете алатын ме­кемелерді тиімді пайдалану үшін бар күшімізді салайық. Кітап­ха­на­лар деректер дәуірінде белсенді серіктес болып, баршамыздың 2030 жылды лайықты деңгейде қар­­сы алуымызға көмектеседі», – деді. Бұл сөз кітапханалардың тек ақпараттық мекеме ғана емес, қо­ғамның интеллектуалды және мә­де­ни дамуындағы жетекші күш еке­нін айқын көрсетеді.

Конгресс аясында постерлік сес­сиялар ұйымдастырылып, онда ақтөбелік кітапханашы Айзада Өте­шованың постері үздіктер қа­та­рынан көрінуі қазақстандық кітап­ха­нашылардың кәсіби деңгейінің жоғары екенін және еліміздің ха­лықаралық беделінің нығайып келе жатқанын дәлелдеді.

 IFLA-дағы волонтерлік – бұл тек ұйымдастырушылық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар жаңа көзқарас қалыптастырып, халық­ара­лық кәсіби бірлікті нығайтатын ерекше тәжірибе. IFLA волонтерлік бағдарламасына әлемнің 45 елінен 389 өтінім түсіп, олардың ішінен 235 адам іріктеліп алынды. Солардың 135-і – қазақстандық еріктілер. Таң­даулы волонтерлердің қат­арын­да болу мен үшін үлкен абырой әрі кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге зор мүмкіндік болды.

 Дүниежүзілік конгреске ғылыми жетекшім, педагогика ғылымының кандидаты Гүлмира Исатайқызымен бірге қатыстым. Жазда мен во­лонтер ретінде бес күн бойы ұйым­дас­тыру, ақпараттық және мәдени бағыттарда қызмет атқарып, ха­лық­аралық деңгейдегі кәсіби тә­жі­рибе жинақтадым. Конгресс ба­ры­сында АҚШ, Малайзия, Чехия, Кы­тай елдерінен келген әріп­тес­теріммен пікір алмасып, болашақ ғы­лыми және кәсіби серіктестікке негіз болатын байланыс желісін орнаттым.

Волонтерлік қызметтің ең құнды тұ­сы мен үшін түрлі елдердің мә­дениеті және кәсіби тәжірибесімен тікелей танысып, тілдік әрі мәдени коммуникация дағдыларымды же­тіл­діріп, ғылыми коммуникация мә­дениетін жетілдіру платформасы болды. Сонымен қатар көпұлтты ор­тада қызмет атқару жауап­кер­шілік пен бейімделу қабілетін арт­тырып, ғылыми ұжымда жұмыс іс­теу мәдениетін дамытады.

Халықаралық волонтерлік қыз­мет менің тұлғалық және кәсіби қа­лып­тасуымдағы маңызды ке­зең­дердің бірі болды.

Шынар МҰҚАШЕВА,

«Кітапханалық ақпараттық жүйелер» мамандығының

1-курс докторанты