Дәстүрді сақтай отырып, болашақты ашу: «Орыс тілі және мәдениеті» орталығына 10 жылFarabi University

Дәстүрді сақтай отырып, болашақты ашу: «Орыс тілі және мәдениеті» орталығына 10 жыл

11 қараша, 2025

2025 жылғы 10 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің «Орыс тілі және мәдениеті» орталығында «Орыс әлемі» қорының халықаралық жобасы – «Ғылым мен қоғамның өзара әрекеттесуі: тіл, инновациялар, мәдениет» атты халықаралық форум аясында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Ғылыми шараға «Орыс әлемі» қорының Орыс орталықтары және іс-шараларды ұйымдастыру басқармасының бас жоба менеджері Улитин Сергей Александрович; Алматы қаласындағы Ресей үйінің жетекшісі, Вице-консул Симакова Мария Сергеевна; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Ташкент қаласындағы «Ренессанс» білім университетінің (Өзбекстан), М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы ашып, он жыл ішінде Орталықтың ғалымдарды, педагогтарды, студенттер мен орыс тіліне және оның жаһандық әлемдегі рөліне қызығушылық танытатын барлық жандарды біріктірген маңызды интеллектуалдық және мәдени алаңға айналғанын атап өтті.

Технологиялық өзгерістер жылдам жүріп жатқан кезеңде және халықаралық коммуникациялар кеңейіп отырған жағдайда, Орталық алдында ғылыми жетістіктерді гуманитарлық құндылықтарды сақтай отырып тарату, мәдени байланыстарды нығайту, тілдік құзыреттіліктерді дамыту және елдер мен мәдениеттер арасындағы диалогты қолдау міндеті тұр. Осындай кездесулер өзара түсіністік пен ынтымақтастық кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Душанбеден бейнеқұттықтау жолдаған Орталық басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бегалиева Сауле Баязовна осы уақытта «Орталық Азия елдерінде орыс тілі мен әдебиеті» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып жатқанын хабарлады. «Орыс тілі шетел тілі ретінде» білім беру бағдарламасының Қазақстан мен Түрікменстаннан келген студенттері Орталық туралы бейнеролик дайындап, РКИ тақырыбында баяндамалар жасап, орыс тілінде еркін сөйлеу және ғылыми баяндама жасау дағдыларын көрсетті. Халықаралық жобаның орындаушылары атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алынған жабдықтар мен материалдарды, техникалар мен кітаптарды таныстырды.

Кейін еркін пікір алмасу форматында қатысушылар тұрақты даму мәселелерін, тіл, инновациялар және мәдениетті ғылым мен қоғам арасындағы диалогқа енгізу мәселелерін талқылады.

Кездесу жылы әрі шынайы атмосферада өтті, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, академиялық желілерді кеңейту, тәжірибе алмасу, ғылыми бастамаларды қолдау және мәдениетаралық диалогты дамыту маңызды екені атап өтілді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ғылыми зерттеулерді, білім беру тәжірибелерін және инновациялық шешімдерді әлеуметтік-мәдени кеңістікке біріктіруге бағытталған бірқатар бірлескен жобалар жоспарланды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер ғылым мен қоғамның тұрақты өзара әрекеттесуіне маңызды платформа болатынына сенім білдірді.