"Суицидтің алдын алу" тақырыбында семинар болып өтті
11 қараша 2025 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы мамандары Алматы қаласындағы МЕТА университетінің коворкинг залында өткен «Суицидтің алдын алу», «Жаман әдеттердің алдын алу», «ЖЖБИ сырқаттанушылығының алдын алу», «Жыныстық тәрбие» тақырыптарындағы семинарға қатысты.
Семинарды Психоаналитиктер қауымдастығының кандидаты, аналитикалық бағыттағы психолог, тренингтік психоаналитик Салтанат Юсупқызы Нұрпейсова жүргізді.
Іс-шара барысында суицидтің жеті негізгі себебі талқыланды. Олар:
Қорқыту;
Кибербуллинг;
Сексуалды қудалау және зорлық-зомбылық;
Онлайн бопсалау;
Жасөспірімдік жүктілік;
Басқа жыныстық бағдар мен гендерлік сәйкестік;
Некеге тұрмағанға дейінгі жыныстық қатынас және мәдени нормалар.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар мен танымдық материалдар табысталды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың психикалық және физикалық денсаулығына кері әсер ететін қауіп факторларын азайту, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау болды.



Басқа жаңалықтар