Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Уайтхед биомедициналық зерттеулер институты (АҚШ) Дің жасушалары зертханасының директоры, ғалым Майя Миталипованы қабылдады.
Кездесу барысында тараптар биомедицина және генетика саласындағы ғылыми ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ҚазҰУ мен Уайтхед институты арасында бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдану және жас ғалымдар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыру бағытында әріптестік орнату мүмкіндіктерін қарастырды.
Жансейіт Түймебаев шетелдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру ҚазҰУ-дың халықаралық беделін арттырып, отандық ғылымды жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететінін жеткізді.

Өз кезегінде профессор Майя Миталипова оқу ордасының ғылыми әлеуетін жоғары бағалап, генетика, биомедицина саласында ҚазҰУ ғалымдарымен ортақ инновациялық жобаларды іске асыруға дайын екенін айтты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар