- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ-4: ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері рухани жаңғыру жолында театр өнерін тамашалады
ТДМ-4: ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері рухани жаңғыру жолында театр өнерін тамашалады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті, Филология факультеті және Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті біріге отырып, 2025 жылдың 12 қараша күні мәдени және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру және рухани дүниесін байыту болды.
Кеш барысында университет оқытушылары мен студенттері қазақ драматургиясының классикалық туындысы – Дулат Исабековтың «Әпке» атты қойылымын тамашалады. Қойылым отбасы құндылығы, бауырмалдық, адамгершілік пен мейірім секілді мәңгілік тақырыптарды қозғай отырып, көрерменнің жүрегіне әсерлі ой салды.
Театрдағы әсерлі кеш студенттер мен оқытушыларға ерекше рухани серпін берді. Қатысушылар қазақ театр өнерінің шеберлігі мен сахна мәдениетінің жоғары деңгейін сезініп, актерлердің шынайы ойынына тәнті болды. Іс-шара соңында студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, театрға барудың олардың мәдени дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық шабыт сыйлағанын атап өтті.
Мұндай мәдени іс-шаралар ҚазҰУ ұжымының жастар арасында ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ университет ішіндегі әр түрлі факультеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған игі қадам.

