«Гендерлік теңдік» тақырыбында дебат
2025 жылғы 11 қараша күні «Метеорология» мамандығының 1 курс студенттерімен Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында «Гендерлік теңдік» тақырыбында дебат өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің гендерлік теңдік қағидаттарын түсінуін қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, пікірталас жүргізу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту болды. Дебат барысында студенттер ерлер мен әйелдердің білім беру, еңбек, ғылым және қоғамдық қызмет салаларында тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болуын қамтамасыз етудің маңыздылығын талқылады. Қатысушылар екі командаға бөлінді: бірінші команда қазіргі қоғам гендерлік теңдік мәселесінде айтарлықтай прогреске жетті деген пікірді қорғады, ал екінші команда гендерлік стереотиптер мен теңсіздік әлі де бар екенін және оны шешу үшін мемлекет пен қоғам тарапынан белсенді шаралар қажет екенін дәлелдеді. Әр команда өздерінің кіріспе сөзін, негізгі дәлелдері мен қарсы дәлелдерін келтіріп, әлемдік тәжірибеден мысалдар, статистикалық деректер және ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды. Дебаттар мазмұнды әрі белсенді түрде өтті, студенттер өз ойларын ашық білдіріп, бір-бірінің пікірлеріне құрметпен қарады және төзімділік танытты. Талқылау қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушылардың жоғары деңгейдегі дайындығын, олардың Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хабардарлығын және әлеуметтік мәселелерді талдау қабілетін атап өтті. Жеңімпаз деп қоғамда гендерлік теңсіздік мәселесі әлі де өзекті болып қала береді және оны шешу үшін жүйелі шаралар қажет деген көзқарасты дәлелдеген команда танылды. Дебат өткізу студенттердің теңдік қағидаттарына құрметпен қарауын, қоғамдағы гендерлік тепе-теңдіктің маңыздылығын түсінуін және Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға деген қызығушылығын арттырды. Іс-шара жастардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейінің жоғары екенін және қазіргі заманның өзекті мәселелерін талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін көрсетті.
Басқа жаңалықтар