ТДМ №4: Finish to Start: Жаңа студенттік декан тағайындалдыFarabi University

ТДМ №4: Finish to Start: Жаңа студенттік декан тағайындалды

10 қараша, 2025

Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде студенттік белсенділікті қолдау, шығармашылық қабілеттерді көрсету және студенттік басқару дәстүрін жалғастыру мақсатында “Finish to Start” атты кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шара факультет студенттері үшін ерекше маңызды оқиғаға айналды және белсенді студенттердің қатысуымен есте қаларлық атмосферада өтті.

Кештің негізгі мақсаты – факультеттегі студенттік өмірдің нәтижелері мен жетістіктерін қорытындылау, тәжірибелі студенттік деканның жетістіктерімен бөлісу, сондай-ақ жаңа студенттік декан лауазымына кандидаттарды таныстыру және тағайындау болды.

Іс-шара барысында:

  • Факультет студенттері өз өнерлерін көрсетті, музыкалық, көркем және шығармашылық нөмірлермен кешті сәнін келтірді;

  • Экс-студенттік декан Тыныштықбай Мубарак өзінің өкілеттілік мерзімі ішінде атқарған жұмыстарын, факультет студенттік ұйымдарының дамуына қосқан үлесін және жүзеге асырған жобаларын таныстырды;

  • Студенттік белсенділер мен ұйымдастырушылар факультет әкімшілігі тарапынан алғыс хаттармен және марапаттармен қадірленді.

Кеш қорытындысы бойынша Касымова Мадина жаңа студенттік декан лауазымына тағайындалып, факультет студенттерінің алдында жаңа мақсаттар мен жоспарларын жариялады.