«Тұран-Иран» ғылым зерттеу орталығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының 2018 жылғы бұйрығы негізінде және университет Ғылыми кеңесінің шешімі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылым және инновациялар департаментінің құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды.
Орталық директоры – филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей.«Тұран-Иран» елдерінің тарихи-саяси, мәдени-әдеби байланыстарын зерттеп, зерделеу. Жазба деректерді тікелей түпнұсқадан аудару арқылы ұлттық-мемлекеттік мүддеге сай монографиялар, ұжымдық зерттеулер мен мақалалар жариялап, зерттеу жұмыстарын жүргізу. Еліміздегі, шетелдердегі ғылыми зерттеу орталықтары, жоғары оқу орындарымен пікір алмасу, ортақ зерттеу-ғылыми жобалар бойынша еңбектер жазу, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізіп тұру. Студенттер үшін: Қазақ тарихына қатысты ежелгі және ортағасырлық жазба деректерді қазақ тіліне аудару арқылы тәуелсіз ұлттық ғалымдарды жетілдіру жүзеге асады. Орталық зерттеулерін еліміздің университеттерінде тарих пен теориясы оқытылатын тарих, әдебиет және шығыстану, басқа да факультеттерде, арнайы курстар мен семинарларда, магистратурада, сондай-ақ тарих пәнін орта мектептерде оқытуда қолдануға мүмкіндік береді. Тарихи жазба деректерді түпнұсқадан қазақшалау тарихи құндылығымызға өзге ел ғалымдарының қортындыларына тәуелді болмай-ақ өзіміздің ұлттық-мемлекеттік мүддеге сай қарастыруға көмектеседі. Тәуелсіз, ұлттық ғалымдарлы даярлау және тарихи зерттеу институттары үшін шығыстану тіпті жаһантану ғылымының кеңістігінде ғылыми орнымызды анықтап алуға жол ашады.