Заң факультеті
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР! Сіздерге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Заң факультетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін материалдарды ұсынамыз. Дұрыс шешім қабылдайтындарыңызға сенімдімін! ҚазҰУдың Заң факультетіне түсіңіздер, өмір бойы табысты боласыздар! Сіздерге тек сәттілік!
Факультет
1955 жыды ірге тасы қаланған Заң факультеті көптеген жаңару мен өзгерістерді басынан өткерді. Қазіргі таңда аталмыш факультет «Құқықтану», «Кеден ісі» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды. Студенттерді даярлау үдерісі орта білім және жоғары білім негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Заң факультетінің студенттеріне магистратура және PhD докторантурасына түсуге мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгінгі таңда Заң факультетінің ең күрделі ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жақсы ғылыми әлеуеті бар. Факультетте 15 ҚР Ұлттық Заң Академиясының академиктері, 30-ға жуық докторлар мен профессорлар, 70-нен аса ғылым кандидаттары, 30 доктор PhD, соны- мен қатар ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Конституциялық Соты, ҚР Жоғары Соты, Құқық қорғау органдары мен Ғылым академиясы қызметкерлерінен құралған жоғары тәжірибелі мамандар дәріс жүргізеді. Олардың басым көпшілігі шет тілдерін меңгерген, АҚШ, Еуропа, Түркия және өзге де мемлекеттерде тағылымдамадан өтіп келген.
Заң факультеті мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері бойынша республикалық және халықаралық конференциялардың, сондай-ақ Қазақстан студенттері арасында жыл сайынғы республикалық құқықтық олимпиаданың тұрақты ұйымдастырушы болып табылады.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Білім беру бағдарламасының мақсаты жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікке және іргелі базалық құқықтық білімге ие; мемлекеттік басқару жүйесінде, құқық қорғау қызметінде, азаматтық қоғамның неғұрлым маңызды салаларында жұмыс істей алатын; құқықтық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін; заңтану саласындағы лауазымды тұлғалардың, мамандар мен сарапшылардың функцияларын орындай алатын білікті мамандарды даярлау.
ББ мақсаты жалпымәдени және кәсіптік құзыреттіліктерге және кеден ісі саласындағы іргелі базалық білімге ие, кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуді басқара алатын, кеден саласында құқық тәртібін қамтамасыз ете алатын, кеден органдары лауазымды тұлғаларының, мамандарының және кәсіптік саласындағы сарапшы функцияларын атқара алатын біліктілігі жоғары мамандарды даярлау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – еңбек нарығының талаптарына сәйкес аналитикалық және сыни тұрғыдан ойлаудың кәсіби дағдыларын белсенді меңгеруді көздейтін тәжірибеге бағытталған тәсіл негізінде құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындау. Білім беру бағдарламасын іске асыру кәсіби және тұлғалық қасиеттері жоғары маманды қалыптастыруға, оған басым сұранысты және еңбек нарығында тұрақты бәсекеге қабілеттілікті және құқық қорғау органдарында өзін-өзі жүзеге асыруға кең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Мақсаты-мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару, кадр саясаты саласында іргелі білімі бар; қазіргі заманғы мемлекет пен азаматтық қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес келетін кәсіби құзыреттерге ие ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Кеден ісі саласында терең білімі бар, шет тілдерін кәсіби меңгерген жоғары білікті маманды; кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуді талдай және басқара алатын, кеден органдарының құрылымдық бөлімшесі басшысының, кеден ісі саласындағы маманның функцияларын орындай алатын, кеден ісі саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыра және жүргізе алатын маманды даярлау болып табылады.
БББ мақсаты жетекші жоғары оқу орындары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Баку мемлекеттік университетінің (бұдан әрі-БМУ) базасында жоғары білікті мамандарды және теңіз индустриясын басқару және энергетикалық қауіпсіздікті, теңіз және энергетикалық заңдар мен ғылыми-педагогикалық салада қызмет атқара алатын жоғары білікті кадрларды даярлау.
ББ мақсаты қаржылық құқық және қаржылық қызмет саласында терең білімі бар, қаржылық және өзге де құқық салалары саласында ғылыми-зерттеу міндеттерін қою және шешу жолымен ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізу дағдысын кәсіби меңгерген, басқару қызметін жүзеге асыруға, оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауға, кәсіби қызметте басқарушылық инновацияларды қабылдауға, талдауға және іске асыруға қабілетті бәсекеге қабілетті заңгер дайындау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру саласы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары үшін құқық қорғау қызметі саласында қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану теориясы мен практикасының, дәлелдеу теориясының, криминология мен криминалистиканың теориялық және ғылыми-практикалық проблемаларын шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Азаматтық құқық саласында іргелі білімі бар, нарықтық экономика мен жұмыс берушілердің азаматтық-құқықтық қамтамасыз ету қажеттіліктеріне, магистрлерді даярлаудың осы бағыты бойынша білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес кәсіби біліктілігі бар құқықтану саласында ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Сот жүйесі, прокуратура, тергеу және анықтау органдары саласында нарықта сұранысқа ие, жан-жақты құқықтық білімі, іргелі, теориялық-әдіснамалық базасы бар, ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын меңгерген білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама сот-прокурорлық-тергеу қызметі саласындағы маманның кәсіби тұлғасын: -соттардың, прокуратура органдарының және сотқа дейінгі іс жүргізу қызметін реттейтін азаматтық, азаматтық-процестік, қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы қолдану теориясы мен тәжірибесін теориялық және ғылыми-тәжірибелік мәселелерін шешуге; - сот жүйесін, прокурорлық қызметті, сотқа дейінгі іс жүргізуді (тергеу және анықтау) зерделеуге бағытталған инновациялық технологияларды, оқыту әдістерін енгізуге; - зерттеу тақырыбы бойынша жарияланымдар (мақалалар, тезистер) есебінен ғылыми зерттеулерді дербес жүзеге асыру және оларды тәжірибеге енгізуге қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты - мемлекеттік саланы, нарықтық экономиканы, жұмыс берушілердің ұсынысын қамтамасыз етуге бағытталған, азаматтық қоғамның түрлі салаларындағы қажеттіліктеріне сәйкес келетін құқықтану саласында іргелі білімді, кәсіби құзыреттерге ие ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Бағдарламаның мақсаты - азаматтық және кәсіпкерлік құқық саласында іргелі білімі бар, кәсіби құзыреттері бар, нарықтық экономиканы азаматтық-құқықтық қамтамасыз ету қажеттіліктеріне сәйкес келетін қазақстандық құқықтану, неміс және халықаралық коммерциялық құқық саласында, жұмыс берушілер мен экономикалық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу саласында ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Құқық ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін терең зерделеу, сондай-ақ аралас ғылыми салалардың білімі мен әдіснамасын жүйелі пайдалану негізінде құқықтық ғылым мен құқықтық практикада инновациялық қызметке қабілетті; құқықтық ғылымды дамытатын жаңа тұжырымдамалық білім құруға қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау; ғылыми пікірталастар, соның ішінде халықаралық пікірталастар жағдайында ғылыми іс-шараның жұмыс тілінде оны мамандарға дәлелді түрде таныстыру
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет", мекен-жайы бойынша.
Телефон номері: +7 727 377-33-33
Магистратура және докторантура: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет", мекен-жайы бойынша.
Телефон номері: +7 727 377-33-33