Әскери кафедра

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ әскери кафедрасының тарихы университет тарихымен тығыз байланысты. 1934 жылы ҚазМУ-дың жалпы білім беретін факультеттерінің құрылуымен әскери-спорттық дайындық кафедрасы құрылып, оның мақсаты студент жастарды әскери іс пен спорттық-бұқаралық жұмысты дамытуға үйрету болды. Әскери-спорттық дайындық кафедрасының бірінші меңгерушісі А.Н. Данилов болды.
Соғыс жылдарындағы әскери кафедраны басқарғандар: майор Полевик В. А. (1937-1941 жж.), подполковник Голландцев Р.С. (1941-1943 жж.), полковник Вестфаль И.И. (1943-1944), генерал-майор Мишнин К.А. (1944-1946).
Кафедраның барлық саяси-тәрбие жұмыстары мен әскери дайындығы Қызыл Армияның жауынгерлік тәжірибесіне, Ұлы Отан соғысы сарбаздарының ерліктеріне негізделген.
1975 жылы ҚазМУ әскери кафедрасында оқу-тәрбие жұмысын КСРО Қарулы Күштері Бас штабының комиссиясы тексерді, онда мамандарды даярлаудың жоғары сапасы, С.М. Киров атындағы ҚазМУ әскери кафедрасында оқудан өткен запастағы офицерлердің моральдық-саяси және психологиялық дайындығының жоғары деңгейі атап өтілді.
Қазақстан Республикасы жас мемлекетінің тәуелсіздігін қалыптастырудың, өз Қарулы Күштерін құрудың және салудың күрделі кезеңінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы елдің қорғаныс қабілетін нығайту ісіне елеулі үлес қосты.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қолбасшылығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы өзінің әлеуеті мен оқу-материалдық базасы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін әскери дайындығы бар резервті сапалы дайындауды жүзеге асыруға қабілетті екенін бірнеше рет атап өтті.
Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасын запастағы полковник О.В. Ажимов басқарады (2015 жылдан бастап – қазіргі уақытқа дейін).
Әскери кафедрада запастағы офицерлер мен сержанттардың әскери-есептік мамандықтары бойынша студенттер оқытылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінен басқа, әскери кафедрада шарттық негізде Алматы қаласының 16 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері оқиды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған жылдар ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы 16 мыңнан астам запастағы офицерлер мен сержанттарды дайындады. Әскери кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 60-тан астам оқу-әдістемелік құрал шығарды.
Әскери кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы арнайы әскери білімі, бай жауынгерлік, әскери және педагогикалық тәжірибесі бар кәсіби дайындалған офицерлермен жасақталған.
2022 жылдан бастап әскери кафедра жаңа орналасу орнын игеруде, онда аудиториялық қор екі есеге жуық ұлғайтылды. Қысқа мерзім ішінде кафедра ұжымының күшімен оқу және арнайы аудиториялар, атыс тирі, ӘШҚҚ мен мотоатқыштар әскерлерінің оқу-жаттығу полигондары жабдықталды. Оқу тренажерлері мен компьютерлік сыныптар орнатылды. Жазғы далалық сыныптар, әуе шабуылына қарсы қорғаныстың тактикалық оқу алаңдары, мотоатқыштар әскерлері, арнайы әскерлер және шағын артиллериялық полигон құрылды. Сондай-ақ, саптық плац және қарауыл қалашығы жабдықталған.
Біздің қызметімізде студенттік және мектеп жастарымен әскери-патриоттық жұмыс маңызды орын алады. Әскери-патриоттық тәрбие Қазақстан азаматтарының жас ұрпағын қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Әскери-патриоттық тәрбие объектісі әскери кафедрада оқитын студенттер мен Алматы қаласының оқушылары болып табылады.
Әскери кафедрада әскери-патриоттық жұмыс «Алматы қаласы бойынша Қарулы Күштердің Ардагерлер Кеңесімен», «Алматы қаласындағы Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қазақстандық ардагерлері» қоғамдық бірлестігімен, Алматы қаласындағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың филиалымен, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының филиалымен тығыз қарым-қатынаста жүргізіледі.
Соңғы 5-7 жыл ішінде әскери кафедра қызметкерлері әскери кафедрада оқитын студенттерге, университет студенттеріне, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебіне, «Бөбек» Ұлттық орталығының гимназиясының, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің және «Тамос» физика-математика мектебінің оқушыларына және Алматы қаласының мектеп оқушыларына 200-ден астам түрлі әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар өткізді.
2017 жылдан бастап Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін атап өту мақсатында әскери кафедраның бастамасымен Алматы қаласының Білім департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының кубогына «Сарбаз» әскери-патриоттық ойынын өткізу ұйымдастырылды. «Сарбаз» әскери-патриоттық ойынына қаланың барлық аудандарынан ең үздік мектептер тартылады. Ойынның демеушілері-Қазақстан халықтары Ассамблеясының Алматы филиалы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Парасат» кәсіподақ комитеті болып табылады.
Қарулы Күштердің ардагерлеріне, Құрлық әскерлерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің ардагерлеріне, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін еске алу және құрметтеу сабақтары, сондай-ақ қарттар үйінде студенттердің қайырымдылық акциялары тұрақты негізде ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады.
Жыл сайын, 1 маусым – Дүниежүзілік балаларды қорғау күнінде әскери кафедра ұжымы «Парасат» кәсіподағымен бірлесе отырып, университет қызметкерлерінің балалары үшін «Балалық шақ мерекесін» өткізу дәстүрге айналды. Бұл мерекеде балалар үшін оқу-жауынгерлік техника мен қару-жарақ көрмелері, әскери кафедра студенттерінің көрсетілімдері, әртүрлі байқаулар мен аниматорлардың қойылымдары ұйымдастырылады.
Айта кету керек, жыл сайын екі атаулы мереке – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында университеттің әскери кафедрасы мен университет мұражайы бірлесіп «Батырлардың мұрагерлері!» атты шығармашылық байқауын өткізетінін атап өткен жөн. Байқауда студенттер шығармашылық нөмірлер, презентациялар ұсынады, патриоттық бағыттағы өлеңдер оқиды. Сондай-ақ, оқушылар Ұлы Отан соғысының батырларын еске алуға арналған «Батырларға тағзым» атты салтанатты шеруге тартылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру мақсатында әскери кафедра аралығында «Қазақ жерінің батырлары!» патриоттық акциясын өткізді. Патриоттық акция аясында ұйымдастырылды:
- әскери-тарихи викториналар, тақырыптық әңгімелер, Қарулы Күштер ардагерлерінің кездесулері мен құрмет көрсетулері;
- әскери кафедрада оқитын студенттерге және жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған Студенттік дәрістер;
- «Менің туыстарым Отан үшін шайқасты!» атты балалар суреттерінің байқаулары,мәнерлеп оқу және студентті жұмыстар байқаулары;
- Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының филиалында ерлік сабақтары ұйымдастырылады.
Ақпараттық-имидждік жұмыс белсенді жүргізілуде, әскери кафедраның студенттері мен оқытушылары өткен жылдар ішінде «Сарбаз», «Қазақ университеті», «Вечерний Алматы», «Литер» газеттерін мен ақпарат сайттарда 250-ден астам мақалалар мен ақпараттық материалдар дайындап жариялады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында студенттер запастағы офицерлер мен сержанттардың әскери-есептік мамандықтары бойынша әскери дайындықтан өтеді:
- Құрлық әскерлерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері;
- мотоатқыштар әскерлері мен барлау бөлімшелері;
- зымыран әскерлері мен артиллерия;
- Құрлық әскерлерінің байланыс әскерлері;
- тәрбиелік құрылымдар және заңгерлік кеңес беру жұмысы;
- дене шынықтыру және спортты ұйымдастыру.
Байланыс
Әскери кафедра бойынша кезекші +7(727) 277-47-72
Офис-тіркеуші +7 (727) 226-91-19