Химия және химиялық технологиялар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультеті– химиялық бағыттағы білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингісінде жетекші орынға ие болып отырған Қазақстанның жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Қазіргі уақытта факультетте 1500-ден астам студент 21 мамандық бойынша үш деңгейде білім алуда. Индустрия мен ғылым саласында біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін, барлық білім беру бағдарламалары жыл сайын еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып жаңғыртылып отырады, сондай-ақ бұл бағдарламалар ASIIN халықаралық агенттігімен аккредитацияланған.

Факультет
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультеті– химиялық бағыттағы білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингісінде жетекші орынға ие болып отырған Қазақстанның жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Қазіргі уақытта факультетте 1500-ден астам студент 21 мамандық бойынша үш деңгейде білім алуда. Индустрия мен ғылым саласында біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін, барлық білім беру бағдарламалары жыл сайын еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып жаңғыртылып отырады, сондай-ақ бұл бағдарламалар ASIIN халықаралық агенттігімен аккредитацияланған.
Факультет құрамында ғылыми-технологиялық көп салалы кластерлер моделі бойынша жұмыс атқаратын алты кафедра, үш Ғылыми зерттеу институты бар. Факультет ұжымында 50-ден астам ғылым докторлары, 100-ден астам ғылым кандидаттары мен PhD докторлары қызмет етеді. Оқу барысында студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына, өз қабілеттерін толықтай ашып, заман талабына сай құзыретті маман болып шығуына барлық жағдай жасалынған.
Кафедралар
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Ғылыми зерттеулер; химиялық өнімнің жаңа түрлерін жасау; инновациялық технологиялар; өнім сапасын бақылау, шикізат пен өнімді стандарттау және сертификаттау; орта және кәсіптік білім беру салаларында кәсіби түрде қызмет атқаруға қабілетті кадрларды даярлау. Бакалавр бағыттар бойынша мәселелерді шеше алады: казіргі теориялық және қолданбалы химия; химиялық сараптама; жасыл химия; Нанохимия және наноматериалдар; Композициялық материалдарды әзірлеу және жобалау
органикалық химия үрдістерін жетілдіру және тұтас өнімдердің аралас өндірісі, заманауи технологиялар үшін қажетті теориялық білім және кәсіби құзыреттілікке ие мамандар дайындау Білім бағдарламасын іске асыру бакалаврда келесідей қабілеттіліктердің қалыптасуына бағытталған: - химияның іргелі бөлімдерінің теориясы мен жалпы заңдылықтар, сондай-ақ органикалық заттар мен материалдарды жасаудағы жүзеге асырылып, апробацияланған технологиялар негізіндегі кәсіби мәселелерді шешу; - кәсіби қызметте әр түрлі ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану; - кәсіби міндеттерді шешудің оптимальді жолдарын іздестіру мақсатында ұжымда тиімді жұмыс жасау.
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында сұранысқа ие фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласында бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы және жан-жақты даярлау. Білім беру бағдарламасы сыни ойлау қабілеті бар, фармацевтикалық өндіріске жаңа, сондай-ақ дәрілік препараттарды дайындаудың қазіргі технологияларын әзірлеу, жобалау және енгізу үшін кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге қабілетті маманның тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Химия, мұнай-химия, фармацевтика, тамақ және өнеркәсіптің басқа да аралас салаларының өнімдерін өндіру және сату салалары, аналитикалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханалары үшін бакалавларды сапалы дайындау. Бағдарлама төмендегідей қабілеттерге ие бакалавларды қалыптастыруға бағытталған: - жаратылыстану және инженерлік ғылымдар саласындағы іргелі білім, - заттар мен материалдарды алу және өңдеу үшін технологиялық процестердің негізгі сипаттамаларын талдау және бағалау дағдылары; - химиялық және аралас салалар өндірістерінде технологиялық процестерді бақылау және сүйемелдеу үшін қажетті құзыреттіліктер; - қоғамдық, кәсіби, өндірістік, коммерциялық ортада өзара іс-қимыл жасау дағдылары
химия және физика ғылымдарының жетістіктерін ескере отырып, құрылымды наноөлшемді ұйымдастырудың жаңа буынының функционалдық материалдарын жасау және әзірлеу үшін мамандарды сапалы дайындау.
Тағам өнеркәсібі үшін тағам өндірісінің технологиялық процестерін бақылау мен сүйемелдеу, өнімдер мен шикізаттың химиялық құрамын талдау, жартылай және толық дайын тағам өнімдерін қайта өңдеудің, консервілеудің, сақтаудың және орап-қаптаудың заманауи тәсілдерін әзірлеу құзіреттеріне ие мамандарды дайындау.
Химиялық сараптама және химиялық өнімдер өндірісінің сапасын бақылау және басқа да сабақтас салалар, аналитикалық, экологиялық, сертификаттау қызметтерінің ғылыми-өндірістік зертханалары бойынша бакалаврларды дайындау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Қазіргі заманғы химиялық білім беру, теориялық химия және химия өнеркәсібі саласындағы ғылыми-зерттеу және қолданбалы міндеттерді тиімді шешу үшін жаңа білімді дамыту үшін жеткілікті кәсіби біліктілігі бар жоғары білікті мамандарды даярлау. Магистратура келесі бағыттар бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыра алады: - орта, кәсіптік және жоғары білім салаларында; - заманауи химияның түрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу; - химия өнімдері мен материалдардың жаңа түрлерін жасау, химия және басқа да тиісті салалардағы нарықтың, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне сәйкес жаңа жетістіктерге негізделген жаңа химиялық және технологиялық процестердің жақсарту және дамыту; - шикізат пен химиялық өнімдердің сапасын бақылау, стандарттау және сертификаттау әдістерін жетілдіру және дамыту.
Бағдарлама химия, металлургия, агрохимиялық салалар, өнеркәсіп өнімдерін өндіру саласында терең және іргелі білімі бар, бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіру процестерін басқаратын, сондай-ақ заманауи білім беру әдістемелерін әзірлеуге және енгізуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.
Органикалық заттарды, дәрілік заттар мен материалдарды өндіру мен өңдеудің химиялық процестерін ғылыми талдау және болжау негіздерін, сондай-ақ осы бағыт бойынша пәндерді оқыту әдістемелерін меңгерген, ғылыми зерттеулер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін үздік әлемдік нәтижелермен салыстырғанда өзбетінше жүргізуге қабілетті органикалық заттар мен материалдарды өндірудің химиялық технологиясы саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.
Химия және педагогика саласында кең іргелі білімі бар, заманауи білім беру технологияларын меңгерген, сондай-ақ ғылым мен білім беру саласында басқарушылық қызметке қабілетті магистрлерді даярлау.
Өндірістік процестерді басқару, заттар мен материалдарды алу әдістерін, ережелері мен технологияларын жетілдіру және әзірлеу құзыретттіліктерге ие, химиялық инженерия мен өнеркәсіптің әртүрлі салаларына, сондай-ақ орта, кәсіптік және жоғары оқу орындарына арналған мамандарды даярлау.
Мұнайхимия және мұнай өңдеу технологиялары саласында терең арнайы және іргелі білімі бар жаңа буындағы сұранысқа ие кадрларды даярлау. Бағдарлама магистрдің кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: - мұнай-химия және мұнай өңдеу саласындағы заманауи білімді түсіндіру және жалпылау; - мұнай химиясы саласындағы ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру; - өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін түсіндіру және оларды кәсіби шеңберге хабарлау; - көмірсутек шикізатын заманауи өңдеуде болып жатқан үдерістер туралы ағымдағы ақпаратты талдау және олардың салдарын бағалау; - көмірсутек шикізатын өңдеудің жаңа заманауи технологияларын жасау және енгізу.
Энергияны көп қажет ететін материалдарды жасау және олардың технологиясын жетілдіру саласындағы теориялық және қолданбалы міндеттерді шешу үшін кәсіби құзыреттілігі бар магистрлерді даярлау, ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыруға, жану, детонация және жарылыс саласындағы эксперименттерді жоспарлау және болжау үшін модельдеу процестерін қолдануға қабілетті кәсіби тұлғаны қалыптастыру.
нанотехнология және наноинженерия саласында жоғары сапалы дайындық, нанотехнологиялық процестер негізінде әртүрлі функционалды мақсаттар үшін, жаңа және қолданыстағы материалдар мен бұйымдарды жобалау және жетілдіру саласындағы заманауи ғылыми білімді түсіндіре және жалпылай алатын кадрларды сапалы дайындау
Бағдарлама төмендегідей қасиеттерге ие білікті кадрлардың кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: - наноматериалдарды, нанотехнологиялық процестерді және нанотехнологиялық жабдықтарды кешенді қолдану негізінде әртүрлі функционалдық мақсаттарда бар өнімдерді жетілдіру және жаңаларды жобалау саласында қазіргі заманғы ғылыми білімдерін түсіну және қорытындылау; - алдын-ала берілген қасиеттері бар наноқұрылымдарды синтездеудің әр түрлі әдістерінің мүмкіндіктерін талдау; - заттардың және материалдардың наноөлшемді күйге ауысу кезіндегі қасиеттерін ғылымның қазіргі заманғы идеяларын тәжірибеде қолдану; - наноматериалдар мен нанотехнологиялар бағытында өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
химия ғылымы мен өнеркәсібінің қазіргі заманғы мәселелерін талдауға және шешуге қабілетті химиялық процестерді, заттар мен материалдарды зерттеудің негізгі әдістері бойынша іргелі білім мен дағдылар кешені бар химия саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
салалар үшін бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы саласында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды (философия докторларын) келесі қабілеттермен даярлау: - бейорганикалық заттардың химиялық технологиясының өзекті мәселелерін шешу үшін зерттеу жұмысын ұйымдастыру және басқару; - берілген қасиеттері бар бейорганикалық заттар мен материалдарды алудың және өңдеудің жаңа экономикалық тиімді технологиялары мен сызбаларын әзірлеу; -жоғары білім беру ұйымдарында химия-технологиялық бағыт бойынша білім беретін оқу курстарын әзірлеу және іске асыру; - минералды шикізатты алу және өңдеу бойынша кәсіпорындардағы өндірістік процестерді басқару.
Біліктілігі жоғары PhD докторларын дайындау, органикалық заттардың химиялық технологиясы облысы бойынша жаңа жетістіктерді білікті бағалауға қабілетті, жаңа білім мен технология жасау үшін жеке зерттеу жұмыстарын жасауға қабілетті; функционалды қасиеті кең органикалық заттар мен материалдар өндірісіне ғылым қажетсінетін химиялық технологияны енгізу.
Химиялық инженерия саласындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды (философия докторларын) жоғары оқу орындарына, зерттеу ұйымдарына және байланысты салаларға даярлау, олар: - диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру үшін химиялық инженерияның ең жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен концепцияларын жүйелендіріп, осы білімді әрі қарай қолдануға; - өзекті ғылыми міндетті таңдау негізінде ғылыми зерттеуді өз бетінше жоспарлап, жүргізуге, сондай-ақ алынған деректерді талдауға және түсіндіруге; - өз ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми пікірталастарда және жарияланымдарда негіздеп ұсына алуға; - химиялық инженерияның өзекті міндеттерін шешу үшін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және басқаруға; - белгілі бір қасиеттері бар заттар мен материалдарды алу және өңдеудің жаңа экономикалық тиімді технологиялары мен схемаларын әзірлеуге; - жоғары білім беру ұйымдарында химия-технологиялық бағыттағы оқу курстарын әзірлеп, іске асыруға; - химия өнеркәсібі материалдарын өндіру және өңдеу бойынша өндірістік қызметтер мен кәсіпорындарды басқаруға қабілетті.
Мұнайхимиясы мен мұнай өңдеу аймағында жаңа идеяларды генерациялайтын және бағалайтын, критикалық талдауға қабілетті, өзбетінше ғылыми зерттеу жүргізетін жүйелік білімі мен практикалық дағдысы қалыптасқан кәсібижоғары PhD докторларды дайындау. Бағдарлама маманның кәсіби қалыптасуына бағытталған: - мұнай және мұнайлы шикізатты өңдеуге кешенді заманауи әдіснаманың негізі принциптерін қолдануды негіздеу. - диссертациялық жұмысты орындау кезінде қажетті зерттеулерді жүргізу үшін ғылыми зерттеудің міндеті мен мәселесін жүйелеу және интерпретациялау. - мұнайхимиясы мен мұнайхимиялық синтез аймағында заманауи инновациялық технология негізінде ғылыми зерттеулерді өзбетінше жүргізуге кешенді әдіснамаларды жүзеге асыру. - мұнайхимиясы мен мұнай өңдеуде белгілі зерттеушілердің әдеби және патенттік жарияланымдар негізінде алынған теориялық және эксперименттік нәтижелерді аргументті нақты ғылыми дискуссиямен, жүргізілген эксперименттік әдістердің негізінде баға беру.
ББ мақсаты: Технологиялық стандарттарды ескере отырып ғылыми зерттеулер жүргізуге, энергиямен қаныққан материалдарды шығаруға өндірістік міндеттерді тұжырымдауға және оларды технологиялық цикл арқылы шешуге қабілетті, энергияны көп қажет ететін материалдар саласында жеткілікті құзыреті бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау, сондай-ақ: - пайымдау негізгі теориялық принциптері энергиямен жасақталған түзуде энергияны көп қажет ететін материалдардың және есеп айырысу жай-күйі параметрлерінің жарылыс, жану және детонация; - диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру кезінде осы білімді одан әрі қолдану мақсатында соққы толқынының физикалық мәні, энергияны көп қажет ететін материалдардың бризантты, кумулятивті және жоғары жарылғыш әсері туралы ғылыми теорияларды жүйелеу; - жарылғыш заттардың, мылтықтардың, қатты зымыран отындары мен пиротехникалық құрамдардың түрлері бойынша дербес ғылыми зерттеулер жүргізу және оларды зымырандарды, оқ-дәрілерді және пиротехникалық құралдарды жабдықтау үшін қолдану, - жарылғыш заттарды, мылтықтарды, зымыран отындарын және пиротехникалық құрамдарды дайындаудың технологиялық процестерін зерттеудің маңыздылығын әскери өнеркәсіп кешенінің, зымыран ғылымының және пиротехникалық бұйымдар шығарудың перспективалық бағыттарын дамытуға арналған проекциямен анықтау.
Берілген құрамы, құрылымы, қасиеттері бар қауіпсіз наноматериалдарды жасау және оларды жүзеге асыру үшін нанотехнологияның соңғы бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын түсіндіруге және қолдануға, озық зерттеу әдістерін меңгеруге, экономиканың дамуына және қазіргі қоғамның қалыптасуына ықпал ететін іргелі және қолданбалы мәселелерді шешу арқылы нанотехнологиялар мен наноғылымдардың дамуына үлес қосуға дайын нанотехнология саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау
Білім беру бағдарламалары
Құрметті мектеп бітіруші жас түлек! Жақында Сіз өміріңіздегі ең маңызды шешімдердің бірін қабылдайсыз, яғни өз қалаған мамандығыңыз бойынша білім алатын оқу орны мен факультетті таңдайсыз. Бұл – өте жауапты іс, өйткені мамандықты дұрыс таңдау – Сіздің одан әрі жалғасатын өмір жолыңыздың бағытын айқындайды. Егер Сіз ертеңгі күнге сенімді болғыңыз келсе, егер Сіз еңбек нарығында сұранысқа ие маман болғыңыз келсе, егер Сіз көп қырлы белсенді студенттік өмір туралы армандайтын бол- саңыз, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетіне оқуға түсіңіз.
Біздің есігіміз сіздер үшін әрқашан ашық!