Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2011 жылы бұрынғы 1985 жылы ашылған шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті негізінде құрылған. Факультетті құрылғаннан бүгінге дейін әлемнің 100-ден астам елінен АҚШ, Германия, Англия, Испания, Италия, Швеция, Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Иран, Ауғанстан, Филиппин, Қытай Халық Республикасы, Йемен, Иордания, Египет, Сингапур, Моңғолия, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Латвия, Қырғызстан мемлекеттерінен келген 7000-нан аса шетелдіктер білім алды. Бүгінгі таңда факультет құрамында екі кафедра, колледж, бейіндік мектеп болашақ студенттерді дайындау үдерісін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Факультет
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2011 жылы бұрынғы 1985 жылы ашылған шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті негізінде құрылған. Сол уақыттан бері факультеттің дамуы жолында маңызы зор, айтулы тарихи оқиғаларға толы кезең болды. Тәуелсіздік алған сәттен өзінің стратегиялық бағдары айқын, кемел келешек құру жолында нық қадам басқан мемлекетіміздің ең негізгі ғылыми-өндірістік бағытта сапалы маман даярлау ісінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетекші қызмет атқаруда.
Факультетті құрылғаннан бүгінге дейін әлемнің 100-ден астам елінен, атап айтқанда АҚШ, Германия, Англия, Испания, Италия, Швеция, Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Иран, Ауғанстан, Филиппин, Қытай Халық Республикасы, Йемен, Иордания, Египет, Сингапур, Моңғолия, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Латвия, Қырғызстан мемлекеттерінен келген 7000-нан аса шетелдіктер білім алды. Қазіргі уақытта факультет құрамында екі кафедра, колледж, бейіндік мектеп болашақ студенттерді дайындау үдерісін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Факультетімізде қызмет атқаратын 2 ғылым докторы, 16 ғылым кандидаты, 1 доцент, 2 PhD және жоғары білікті мамандар шетел азаматтарына қазақ және орыс тілдерін үйретуде жарқын жетістіктерге жетуде. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті заманауи озық технологияларды тиімді пайдаланып, қазақ және орыс тілдерін үйрету, дәріптеу арқылы қазақ тілінің халықаралық деңгейін көтеруге белсенді үлес қосуда.
Факультет ұстаздары тіл үйрету, меңгерту бағытында тиянақты қызмет атқарып, жүздеген ғылыми мақалалар, бірнеше монография, оқу құралдарын жарыққа шығарған. Факультетімізде тіл үйреніп, білімін шыңдаған факультет түлектері қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде өз мемлекеттерінде, халықаралық ұйымдарда, елшіліктер, білім, ғылым саласында жемісті қызмет етуде. Ұстаздардың жоғары білім деңгейі, мол тәжірибесі, айқын бағдары білім алушылардың болашаққа үлкен үміт артып, нық қадам басуына мүмкіндік береді.
Құрметті, жас талапкер! Сен өз болашағыңды баянды ету жылдарын біздің факультетімізде өткізеді деген ойдамыз!
Образовательные программы Довузовской подготовки
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау: 1.Міндетті пәндер (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық) 2.Таңдау пәндері (математика, физика, биология, география, химия, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі).
ҚР мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес міндетті және таңдау пәндері бойынша оқыту және Қазақстанның қоғамдық ортасына бейімдеу.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау: 1.Міндетті пәндер (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық) 2.Таңдау пәндері (математика, физика, биология, география, химия, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі).
Образовательные программы Языковой и общеобразовательной подготовки иностранцев
- базалық деңгейде қазақ/орыс тілін меңгеру; - шетелдік азаматтардың Қазақстандағы өмірге әлеуметтік бейімделуі.
Шетелдік тыңдаушылардың қазақ/орыс тілін жоғары деңгейде меңгеруін қалыптастыру
Шетелдік тыңдаушылардың қазақ/орыс тілін жоғары деңгейде меңгеруін қалыптастыру
Образовательные программы Колледж
Құқықтық нормаларды әзірлеу мен іске асыруда мәдениет пен құқықтық сананы дамытудың жоғары деңгейі, іргелі білімі мен кәсіби құзыреттілігі бар мамандарды даярлау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтық-құқықтық шарттарды, Еңбек және ұжымдық шарттарды, құжаттардың барысын, біліктілік пен қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау, сотта өкілдік ету, нотариаттық қызметті жүзеге асыру.
Банктің депозиттік, кредиттік операцияларын және операциялық қызметін дамытуға қабілетті білікті және бәсекеге қабілетті орта буын мамандарын даярлау.
Еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес сауда және мәдениетаралық жатақхана саласында делдал ретінде оқытудың барлық түрлерін дамытуға қабілетті, заманауи инновациялық аударма технологияларын меңгерген құзыретті мамандарды даярлау.
Экономист-бухгалтер біліктілігін алу үшін қажетті негізгі және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру, бұл ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бухгалтерлік есептің, аудиттің және талдаудың әртүрлі міндеттерін дербес және жауапкершілікпен шешуге, сондай-ақ мүдделі пайдаланушыларға кеңес беруге мүмкіндік осы мәселелер бойынша қаржылық ақпарат береді.
Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласында жобалық шешімдерді іске асыруға қабілетті білімі мен практикалық дағдылары бар, пәндік саланы зерттеу негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау.
Бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласында жобалық шешімдерді іске асыруға қабілетті білімі мен практикалық дағдылары бар, пәндік саланы зерттеу негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау.
Образовательные программы Профильная школа
Мақсаты - функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалық-эксперименттік дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау дағдыларын қалыптастыруды; ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлауды дамытуды; білім алушыларды жаратылыстану ғылымдары бағытында кәсіби бағдарлауды іске асыруды оқу процессінде іске асыру.
Мақсаты- гуманитарлық бағыттағы пәндерді тереңдетіп oқытуды қамтамасыз ету; соның ішінде: тарихи oқиғаларды, жекелеген адамдардың қызметін, мемлекеттегі басқару нысандарын түсіне білу және oларды нақтылы бағамдай білу; демократиялық және экoнoмикалық кеңістікте өмір сүру нормаларын үйрену, әлемдік және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағдарлай білу, ұлттық сана-сезімге ие болу, адамзаттық өркениетті дамуының негізгі кезеңдерін білу. Oсы мақсатта әдебиетке, тілдерге, тарихқа, қоғамтануға, өнерге, мәдениетке ерекше көңіл бөле отырып, қoғамдық-гуманитарлық бағыт oқушылардың бoлашақ немесе практикалық қызметіне бағдарланған бейіндік және кәсіби бағдарына жол ашу.
Химия-биологиялық бағытының оқыту мақсаты білім алушылардың тірі организмдердің көп түрлілігі, қоршаған орта эволюциясы, табиғи құбылыстардың заңдылығы мен заңдары туралы білімдерін тереңдетуге; объектілер мен ақпараттарды бақылау, саралау, жүйелеу, салыстыру, қатар қою, талдау, затты және ақпаратты бағалаудың практикалық дағдыларын дамытуға; химиялық заттардың көптүрлілігінің маңыздылығы және олардың басқа затқа айналуы туралы, оқытылатын процеске шығармашылық және сыни ойлауды қолдануға, практикалық және эксперименттік біліктерін кең ауқымда дамытуға; табиғи құбылыс ретінде химия туралы білімдерін тереңдету негізінде білім алушылардың түсінігін кеңейтуге бағытталған.
Білім беру бағдарламалары
Қазақстан Республикасының оқу визасын (С9) алу үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға қабылданған болуы шарт! Шақырту алу үшін қажетті құжаттар - төлқұжат (паспорт), анкета толтырып және мемлекеттің алымын (БАЖ) 0.5 АЕК (шамамен 2500 теңге) төлеу керек.
Университеттің визалық қолдау бөліміне құжаттарын тапсырғаннан кейін ҚР Көші-қон заңнамасына сәйкес 5-30 жұмыс күні аралығында визалық қолдау жасалады.
Сабақ уақытында еліне (шетелге) қайту қажеттігі туындаған жағдайда сабақтан босату (сұрану мерзімін көрсетуі тиіс) туралы факультет деканының атына өтініш жазады. Университеттің интернационалдандыру және рекрутинг кеңсесі басшысының атына өтініш жазып, факультет деканы өтінішке қол қойып бергеннен соң визалық қолдау орталығына өтінішті тапсырады.
Университеттің академиялық саясатын сәйкес студент (тыңдаушы) оқу орнының визасымен және рұқсатынсыз өзге шетелге кетіп қалған жағдайда оқудан шығарылып, оқу визасының күші жойылады.