Химия және химиялық технологиялар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультеті– химиялық бағыттағы білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингісінде жетекші орынға ие болып отырған Қазақстанның жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Қазіргі уақытта факультетте 1500-ден астам студент 21 мамандық бойынша үш деңгейде білім алуда. Индустрия мен ғылым саласында біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін, барлық білім беру бағдарламалары жыл сайын еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып жаңғыртылып отырады, сондай-ақ бұл бағдарламалар ASIIN халықаралық агенттігімен аккредитацияланған.
Факультет
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультеті– химиялық бағыттағы білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингісінде жетекші орынға ие болып отырған Қазақстанның жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Қазіргі уақытта факультетте 1500-ден астам студент 21 мамандық бойынша үш деңгейде білім алуда. Индустрия мен ғылым саласында біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін, барлық білім беру бағдарламалары жыл сайын еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып жаңғыртылып отырады, сондай-ақ бұл бағдарламалар ASIIN халықаралық агенттігімен аккредитацияланған.
Факультет құрамында ғылыми-технологиялық көп салалы кластерлер моделі бойынша жұмыс атқаратын алты кафедра, үш Ғылыми зерттеу институты бар. Факультет ұжымында 50-ден астам ғылым докторлары, 100-ден астам ғылым кандидаттары мен PhD докторлары қызмет етеді. Оқу барысында студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына, өз қабілеттерін толықтай ашып, заман талабына сай құзыретті маман болып шығуына барлық жағдай жасалынған.
Кафедралар
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Білім беру бағдарламасы келесі бағыттар бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие теориялық және қолданбалы химия саласындағы мәселелерді тиімді шешуге қабілетті білікті мамандарды даярлауға бағытталған: инновациялық зерттеулер; химиялық өнімдерді талдау және бақылау; перспективалық химиялық материалдарды жасау, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін химиялық заттарды алу технологияларын жетілдіру.
Білім бағдарламасының мақсаты органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында жалпы қабылданған заңдар мен химияның іргелі бөлімдерінің теориясы, сондай-ақ органикалық заттар мен материалдарды жасаудың бар және дәлелденген технологиялары негізінде кәсіби мәселелерді шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау,
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында талап етілген, фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласындағы бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы және жан-жақты мамандарды дайындау. Білім бағдарламасы фармацевтикалық өндірістерді ұйымдастыруға, дәрілік препараттарды алудың жаңа технологияларын, сондай-ақ жаңа технологияларды әзірлеу, жобалау және енгізу үшін кәсіби құзыреттілігін арттыруға қабілетті, сыни ойлау қабілеті бар маманның тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Eкі серіктес университеттердің базаларында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан және Торуньдағы Николай Коперникус университеті, Польша) тағам өнеркәсібі үшін тағам өндірісінің технологиялық процестерін бақылау мен сүйемелдеу, өнімдер мен шикізаттың химиялық құрамын талдау, жартылай және толық дайын тағам өнімдерін қайта өңдеудің, консервілеудің, сақтаудың және орап-қаптаудың заманауи тәсілдерін әзірлеу құзіреттеріне ие мамандарды дайындау.
Химия және физика ғылымдарының жетістіктерін ескере отырып, құрылымның наноөлшемді ұйымдастырылған жаңа буынының функционалды материалдарын жасау және дамыту үшін мамандарды сапалы даярлау.
Тағам өнеркәсібі үшін тағам өндірісінің технологиялық процестерін бақылау мен сүйемелдеу, өнімдер мен шикізаттың химиялық құрамын талдау, жартылай және толық дайын тағам өнімдерін қайта өңдеудің, консервілеудің, сақтаудың және орап-қаптаудың заманауи тәсілдерін әзірлеу құзіреттеріне ие мамандарды дайындау.
Химиялық сараптама және сапаны бақылау саласындағы бакалаврларды химиялық және басқа да аралас салалардағы өнімдер өндірісі, аналитикалық, экологиялық, сертификаттау қызметтерінің ғылыми зерттеу және өндірістік зертханалары үшін даярлау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
«Химия» білім беру бағдарламасының мақсаты Химия және педагогика саласында кең іргелі білімі бар, заманауи білім беру технологияларын меңгерген, сондай-ақ ғылым мен білім беру саласында басқару қызметіне қабілетті магистрлерді даярлау. Бағдарлама мамандарды қалыптастыруға бағытталған: химияны оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету; химия және педагогика саласындағы жаңа теориялар мен бағыттар туралы заманауи білімді түсіндіру және жалпылау; химия және педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру; химия және педагогика саласындағы ғылыми зерттеу нәтижелерін кейіннен алынған нәтижелерді жинақтай отырып интерпретациялау; магистрлік диссертацияда және ғылыми жарияланымдарда зерттеу нәтижелерін рәсімдеу
Бағдарлама химия, металлургия, агрохимиялық салалар өнімдерін өндіру, өнеркәсіп және бейорганикалық заттар мен материалдар өндірісі процестерін басқару саласында терең және іргелі білімі бар, сондай-ақ заманауи білім беру әдістемелерін әзірлеуге және енгізуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауға бағытталған.
Органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы саласында жоғары білікті келесідей қабілеттіліктері бар мамандарды дайындау: - органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы өнімдерін синтездеудің маңызды заманауи проблемаларының шешімін таңдауды көрсету, - органикалық шикізатты өңдеу және заманауи заттарды өндіру процестерінің ғылыми-техникалық жетістіктерін қолдана отырып, ЖОО ғылыми-технологиялық және химилық пәндері бойынша оқытуды қамтамасыз ету, - өзіндік ғылыми зерттеулер жүрізу мен ең жоғары дүниежүзілік нәтижелермен салыстыра отырып, өз нәтижелеріне баға беру, ғылыми талдау негіздерін игеру мен органикалық заттар, дәрілік заттар және материалдарды өңдеу мен өндіру химилық процестерді болжау.
Химия және педагогика саласында кең іргелі білімі бар, заманауи білім беру технологияларын меңгерген, сондай-ақ ғылым мен білім беру саласында басқару қызметіне қабілетті магистрлерді даярлау.
өндіріс процестерін басқару, заттар мен материалдарды алу әдістемелерін, регламенттері мен технологияларын жетілдіру және әзірлеу, сондай-ақ оларды оқыту құзыреттеріне ие, химиялық инженерия мен өнеркәсіптің әртүрлі бағыттары үшін, сонымен қатар, орта, кәсіптік және жоғары білім беру үшін мамандар даярлау.
Бағдарлама мұнайхимия және мұнай өңдеу технологиялары саласында тереңдетілген арнаулы және іргелі білімді игерген, көмірсутек шикізатын өңдеудің жаңа заманауи технологияларын әзірлеуге және енгізуге қабілетті жаңа буынның кәсіби кадрларын қалыптастыруға бағытталған.
Энергияны көп қажет ететін материалдарды жасау саласындағы теориялық және қолданбалы тапсырмаларды шешу және олардың технологияларын жетілдіру үшін кәсіби құзыреттілікке ие магистрлерді дайындау. Ғылыми зерттеулерді дербес жүзеге асыруға, жану, детонация және жарылыс саласындағы эксперименттерді жоспарлау және болжау үшін модельдеу процестерін қолдануға кәсіби қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
«7M07122 Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасының мақсаты - нанотехнология және наноинженерия саласында жоғары сапалы дайындық, нанотехнологиялық процестер негізінде әртүрлі функционалды мақсаттар үшін, жаңа және қолданыстағы материалдар мен бұйымдарды жобалау және жетілдіру саласындағы заманауи ғылыми білімді түсіндіре және жалпылай алатын кадрларды сапалы дайындау.
Бағдарлама төмендегідей қасиеттерге ие білікті кадрлардың кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: - наноматериалдарды, нанотехнологиялық процестерді және нанотехнологиялық жабдықтарды кешенді қолдану негізінде әртүрлі функционалдық мақсаттарда бар өнімдерді жетілдіру және жаңаларды жобалау саласында қазіргі заманғы ғылыми білімдерін түсіну және қорытындылау; - алдын-ала берілген қасиеттері бар наноқұрылымдарды синтездеудің әр түрлі әдістерінің мүмкіндіктерін талдау; - заттардың және материалдардың наноөлшемді күйге ауысу кезіндегі қасиеттерін ғылымның қазіргі заманғы идеяларын тәжірибеде қолдану; - наноматериалдар мен нанотехнологиялар бағытында өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Химия ғылымы мен өнеркәсібін дамытудың міндеттері мен болашағына сәйкес елдің кадрлық ғылыми әлеуетін қалыптастыру. Докторант келесі кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады: - ғылыми-зерттеу; - жоғары және орта арнайы білім беру саласындағы педагогикалық; - ғылыми-өндірістік орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, мемлекеттік кәсіпорындарда және химия, мұнай өндіру, мұнай-химия, агрохимиялық, фармацевтикалық, тамақ өнеркәсібінің мемлекеттік емес секторында басқару
Жоғары оқу орындары, зерттеу ұйымдары және аралас салалар үшін бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы саласында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды (философия докторларын) келесі қабілеттермен даярлау: - химиялық технологияның жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен концепцияларын жүйелеу және түсіндіру; - бейорганикалық заттардың химиялық технологиясының өзекті мәселелерін шешу үшін зерттеу жұмысын ұйымдастыру және басқару; - берілген қасиеттері бар бейорганикалық заттар мен материалдарды алудың және өңдеудің жаңа экономикалық тиімді технологиялары мен сызбаларын әзірлеу; -жоғары білім беру ұйымдарында химия-технологиялық бағыт бойынша білім беретін оқу курстарын әзірлеу және іске асыру; - минералды шикізатты алу және өңдеу бойынша кәсіпорындардағы өндірістік процестерді басқару.
Функционалдық қасиетке кеңінен бай органикалық заттарды жарыққа шығару аясында кешенді ғылыми және кәсіби тапсырмаларды шешуде өзінің жеке зерттеулерін осы мәселелерді шешуде қолдана алатын кешенді ғылыми және өзінің кәсіби саласында теориялық және практикалық ойлау қабілеті өнімді, ынталандырғыш ой-пікірге бай, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті ғылыми, ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау.
Жоғары оқу орындары, зерттеу ұйымдары және аралас салалар үшін химиялық инженерия саласында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды (философия докторларын) келесі қабілеттермен даярлау: - диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру кезінде алынған білімдерді одан әрі қолдану мақсатында химиялық инженерияның жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу; - өзекті ғылыми міндеттерді таңдау негізінде ғылыми зерттеуді өз бетінше жоспарлау және жүргізу, сондай-ақ алынған мәліметтерді талдау және түсіндіру; - өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ғылыми пікірталастарда және ғылыми жарияланымдарда дәлелді түрде ұсыну; - химиялық инженерияның өзекті мәселелерін шешу үшін зерттеу жұмысын ұйымдастыру және басқару; - берілген қасиеттері бар заттар мен материалдарды алудың және өңдеудің жаңа экономикалық тиімді технологиялары мен сызбаларын әзірлеу; -жоғары білім беру ұйымдарында химия-технологиялық бағыт бойынша білім беретін оқу курстарын әзірлеу және іске асыру; - химиялық өнеркәсіп материалдарын алу және өңдеу бойынша өндірістік қызметтер мен кәсіпорындарды басқару.
Ғылыми көзқарастар мен инновациялық технологияны қолдана отырып, заманауи тұжырымдамалар негізінде мұнайхимиясы және мұнай өңдеу саласында іргелі, қолданбалы тәжірибелік зерттеулер жүргізуге қабілетті, өздігінен зерттеу жүргізуге жүйелі ойлаумен, практикалық дағдыға ие, көшбасшылық қасиеттері бар ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау Бағдарлама маманның кәсіби қалыптасуына бағытталған: - мұнай және мұнайлы шикізатты өңдеуге кешенді заманауи әдіснаманың негізі принциптерін қолдануды негіздеу. - диссертациялық жұмысты орындау кезінде қажетті зерттеулерді жүргізу үшін ғылыми зерттеудің міндеті мен мәселесін жүйелеу және интерпретациялау. - мұнайхимиясы мен мұнайхимиялық синтез аймағында заманауи инновациялық технология негізінде ғылыми зерттеулерді өзбетінше жүргізуге кешенді әдіснамаларды жүзеге асыру. - мұнайхимиясы мен мұнай өңдеуде белгілі зерттеушілердің әдеби және патенттік жарияланымдар негізінде алынған теориялық және эксперименттік нәтижелерді аргументті нақты ғылыми дискуссиямен, жүргізілген эксперименттік әдістердің негізінде баға беру
Әлемдік еңбек нарығында креативті ойлауды және жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін, жеке басының қасиеттері, іргелі білімі мен жүйелік дағдылары кешені бар ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, өз қызметінің нәтижелерін өз бетінше бағалауға, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын, оның ішінде ғылыми зерттеулер жүргізу саласында меңгеруге; жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы саласында жаңа инженерлік шешімдерді ұсынуға және жүзеге асыруға қабілетті; көп ұлтты ұжымдағы жұмысқа, оның ішінде пәнаралық, инновациялық жобаларға, бөлімше басшысы, қызметкерлер тобының көшбасшысы ретінде команда мақсаттарын қалыптастыруға, қатенің бағасын ескере отырып, тәуекел жағдайында шешімдер қабылдауға, қызметкерлерге оқыту жүргізуге және көмек көрсетуге қабілетті кадрлар дайындау.
Қазіргі заманғы білім берудің ғылыми және ғылыми-педагогикалық, нанотехнологиялар саласында жүйелі білімі бар, еңбек нарығы мен қазіргі заманғы технологиялардың өзгеретін талаптарына бейімделген кадрларын даярлау,қабілетті болу керек: - заманауи нанотехнология мен наноғылымның негізгі қағидалары мен әдістерін айқындауға; - ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру барысында білім мен дағдыларды одан әрі пайдалану үшін нанотехнологияның ең жаңа бағыттарының ғылыми теориясы мен тұжырымдамаларын жүйелеуге және интерпретациялауға; - жаңа наноматериалдарды құру және оларды өндіру әдістерін жетілдіру бойынша тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізуге; - ғылыми пікірталас аясында, соның ішінде халықаралық ғылыми іс-шаралар аясында, нано-ғылымды дамытатын және кең ғылыми қоғамдастықты таныстыра алатын, жаңа білімдерді құруға қабілетті ғылыми және цифрлық технологиялардың әдіснамасын білуге.
Білім беру бағдарламалары
Құрметті мектеп бітіруші жас түлек! Жақында Сіз өміріңіздегі ең маңызды шешімдердің бірін қабылдайсыз, яғни өз қалаған мамандығыңыз бойынша білім алатын оқу орны мен факультетті таңдайсыз. Бұл – өте жауапты іс, өйткені мамандықты дұрыс таңдау – Сіздің одан әрі жалғасатын өмір жолыңыздың бағытын айқындайды. Егер Сіз ертеңгі күнге сенімді болғыңыз келсе, егер Сіз еңбек нарығында сұранысқа ие маман болғыңыз келсе, егер Сіз көп қырлы белсенді студенттік өмір туралы армандайтын бол- саңыз, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетіне оқуға түсіңіз.
Біздің есігіміз сіздер үшін әрқашан ашық!