ҚазҰУ шахматшысы Азия турнирде жеңімпаз атандыFarabi University

ҚазҰУ шахматшысы Азия турнирде жеңімпаз атанды

5 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенті Ерлан Тілеуханов халықаралық шахмат турнирінде U18 санатында 1-орын иеленді.

Бангкок қаласында өткен Азиядағы ең ірі жасөспірімдер жарыстарының бірі Asian Youth Chess Championships 2025  турниріне 32 елден 700 адам қатысты. Турнир рапид, классика және блиц бойынша өтті.

ҚазҰУ-дың жас шахматшысы Ерлан Тілеуханов жоғары нәтиже көрсетіп, өз жас санатында жеңімпаз атанды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі