ҚазҰУ шахматшысы Азия турнирде жеңімпаз атанды
5 желтоқсан, 2025
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенті Ерлан Тілеуханов халықаралық шахмат турнирінде U18 санатында 1-орын иеленді.

Бангкок қаласында өткен Азиядағы ең ірі жасөспірімдер жарыстарының бірі – Asian Youth Chess Championships 2025 турниріне 32 елден 700 адам қатысты. Турнир рапид, классика және блиц бойынша өтті.
ҚазҰУ-дың жас шахматшысы Ерлан Тілеуханов жоғары нәтиже көрсетіп, өз жас санатында жеңімпаз атанды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
5 желтоқсан, 2025
5 желтоқсан, 2025
4 желтоқсан, 2025