Тәуелсіздігіміз мәңгі, болашағымыз жарқын болсынFarabi University

Тәуелсіздігіміз мәңгі, болашағымыз жарқын болсын

17 желтоқсан, 2025

Химия және химиялық технология факультетінде “6В05301-Химия” БББ-ның 3 курстарымен “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне” арналған тәрбие сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің отаншылдық рухын көтеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тәуелсіздіктің тарихи мен еліміздің болашағы үшін маңызын түсіндіру болды.

Бұл күн – егеменді ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған күн. Тәуелдіздік мәңгі, әрі болашағымыз жарқын болу үшін студенттердің бәсекеге қабілетті маман болу үшін білім алудағы ізденісінің рөлі талқыланды. Сонымен қатар, студенттер өз ойларын ортаға салып, тәуелсіз елдің болашағы туралы пікір алмасты.

Іс-шараны ұйымдастырған аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элеметтер технологиясының доценті М.Ж. Керимкулова