ТДМ 10, 17. "Жақсылық жасайық!"Farabi University

ТДМ 10, 17. "Жақсылық жасайық!"

24 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы «Жақсылық жасайық!» атты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара аясында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табысталды.

Аталған бастама қоғамда мейірімділік, қамқорлық және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған. Балаларға көрсетілген қолдау – адамзаттық құндылықтардың биік көрінісі және жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасауға үлес қосады.

Бұл қайырымдылық іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда:
ТДМ 4 – Сапалы білім,
ТДМ 10 – Теңсіздікті азайту,
ТДМ 17 – Тұрақты даму үшін әріптестік
мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қоғамның әлеуметтік дамуына үлес қосатын және гуманистік құндылықтарды дәріптейтін бастамаларды алдағы уақытта да қолдайтын болады.