Экологиялық сананы қалыптастыру және студенттердің ұлтаралық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған танымдық серуенFarabi University

Экологиялық сананы қалыптастыру және студенттердің ұлтаралық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған танымдық серуен

10 қаңтар, 2026

2026 жылғы 02 қаңтарда №16 Студенттер үйінің шетелдік студенттерінің қатысуымен Ботаникалық бақта танымдық-экологиялық серуен ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – студенттердің ұлтаралық байланысын нығайту, экологиялық сананы дамыту.

Іс-шара ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат», ТДМ 4 «Сапалы білім беру» және ТДМ 15 «Құрлықтағы тіршілік» мақсаттарымен үйлесіп, денсаулықты қолдауға, білім алмасуға және табиғатты қорғау мәдениетін күшейтуге ықпал етті.

Серуен барысында қатысушылар биоалуантүрлілікті сақтау, табиғи экожүйелердің маңызы және жасыл аймақтардың адамның денсаулығы мен өмір сапасына әсері туралы пікір алмасты. Оқытушылар ресурстарды ұқыпты пайдалану, жауапты тұтыну және тұрақты өмір салтын қалыптастыру бойынша ұсыныстар берді.

Ұйымдастырушылар: Кулиев И.У., Тураров Д.Р., Есенгазиева С.К., Сәрсенова Ә.Ж.