- Басты бет
- Хабарландыру
- «Азаматтық қоғамның саяси мәдениетінің эволюциясы, трендтері мен перспективалары: қазақстандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
«Азаматтық қоғамның саяси мәдениетінің эволюциясы, трендтері мен перспективалары: қазақстандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
22 қаңтар
2026 жылы 23 қаңтар сағат 11:00-де Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Азаматтық қоғамның саяси мәдениетінің эволюциясы, трендтері мен перспективалары: қазақстандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы.
Конференцияның мақсаты – 1980-2020 жылдар аралығындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси трансформациясына арналған өзекті ғылыми тәсілдер мен зерттеу нәтижелерін жан-жақты талқылау. Талқылау барысында демократияландыру үдерістеріне, саяси мәдениеттің эволюциясына, азаматтық қоғам институттарының дамуына, сондай-ақ Жаңа Қазақстан (Әділетті Қазақстан) идеялары аясында «Әділетті мемлекет» тұжырымдамасының қалыптасуына ерекше назар аударылады.
Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, 15 қабат.
Қатысушыларды тіркеу: 10:00-10:50
Конференцияның басталуы: 11:00
Қатысушылар үшін байланыс ақпараты: электрондық пошта: markhabat-nur@mail.ru, gpcenter2007@gmail.com. Жауапты хатшы – Нeров Мархаббат Мешитбекұлы, тел.: +7 705 290 77 89.
Басқа хабарландырулар
28 наурыз
26 наурыз
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік оқытушысы» байқауы басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» байқауының басталғанын хабарлайды.