Farabi University

«Азаматтық қоғамның саяси мәдениетінің эволюциясы, трендтері мен перспективалары: қазақстандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

22 қаңтар

2026 жылы 23 қаңтар сағат 11:00-де Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Азаматтық қоғамның саяси мәдениетінің эволюциясы, трендтері мен перспективалары: қазақстандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы.

Конференцияның мақсаты – 1980-2020 жылдар аралығындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси трансформациясына арналған өзекті ғылыми тәсілдер мен зерттеу нәтижелерін жан-жақты талқылау. Талқылау барысында демократияландыру үдерістеріне, саяси мәдениеттің эволюциясына, азаматтық қоғам институттарының дамуына, сондай-ақ Жаңа Қазақстан (Әділетті Қазақстан) идеялары аясында «Әділетті мемлекет» тұжырымдамасының қалыптасуына ерекше назар аударылады.

Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27, №409 конференц-залы.

Қатысушыларды тіркеу: 10:00-10:50
Конференцияның басталуы: 11:00

Қатысушылар үшін байланыс ақпараты: электрондық пошта: markhabat-nur@mail.ru, gpcenter2007@gmail.com. Жауапты хатшыНeров Мархаббат Мешитбекұлы, тел.: +7 705 290 77 89.

 

Басқа хабарландырулар

16 қаңтар

«Пилотсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы» ғылыми базасы ашылады

2026 жылдың 16 қаңтарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Пилотсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы» ғылыми базасының салтанатты ашылуы өтеді.

28 қараша

ҚазҰУ-да АҚШ ғалымы көшбасшылық дәріс оқиды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы Peri-Nuc Labs компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, белгілі профессор, ғалым Шайкен Тәттім «Қатерлі ісіктің табиғаты және онкологиялық аурулармен күрес жолдары» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқиды.