Жеңімпаз жас инженерлерFarabi University

Жеңімпаз жас инженерлер

26 қаңтар, 2026

Алматыда жас инженерлер бас қосып, Satbayev University-де механика және машинатану бойынша VІ халықаралық студенттік олимпиада (SIOMMS-2025) өтті. Бұл маңызды ғылыми-білім беру ша­ра­сы кинематика, динамика, механизм­дер­ді жо­ба­лау және робототехника салала­рын­дағы мә­се­лелерді шешумен айналысатын тех­ни­калық мамандық студенттерін жинады. Олимпиада екі жылда бір рет өткізіледі және бұған дейін Ижевск (Ресей), Шанхай (Қытай), Мадрид (Ис­па­ния) қалаларында және Папа ғылым акаде­мия­сында ұйымдастырылған болатын.

Олимпиаданың сал­та­нат­ты ашылуы машинатану мен робототехника сала­сын­дағы жетекші ма­ман­дар­дың қатысуымен өтті. Олардың қатарында техни­ка­лық ғылымдар докторы, профессор, ҚР Ұлттық ин­же­нерлік академиясының вице-президенті А.Төлешов, техникалық ғылымдар кан­ди­даты, Ижевск мем­ле­кет­тік техникалық универ­си­те­тінің доценті Э.Крылов, сон­дай-ақ Satbayev University проректоры С.Шала­баев және тағы басқа қо­нақ­тар болды. Спикерлер инженерлік білім беру са­ласындағы халықаралық жа­­рыстардың маңызын атап өтіп, мұндай олим­пиа­далар студенттерге тә­жі­ри­бе алмасуға, білім дең­гей­лерін көрсетуге және осы саланың қазіргі тенден­ция­ларымен танысуға мүм­кін­дік беретінін айтып өтті.

Қатысушыларға меха­низм­дерді талдау мен син­тездеуге арналған тео­рия­лық және практикалық си­паттағы сегіз тапсырма ұсы­нылды. Оларды орын­дауға төрт сағат берілді. Әр студент тапсырмаларды жеке орындады. Коман­да­лық нәтиже жеке қаты­су­шы­лар ұпайларының жиын­ты­ғымен есептелді.

Олимпиадаға Қытай, Ис­па­ния, Румыния, Ресей, Қыр­­­ғызстан және Қазақстан ко­мандалары қатысты. Қа­зақ­стан атынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Satbayev University, М.Әуезов атын­дағы ОҚУ және Ө.Жол­дас­беков атындағы Механика және машинатану инсти­ту­ты қатысты. Ұйым­дас­ты­ру­шы­лардың айтуынша, SIOMMS-2025 соңғы жыл­дар­дағы ең кең ауқымды олим­пиадалардың бірі бол­ды.

Додада Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық уни­верситетінің командасы жүл­­делі 3-орынға ие болды. Ко­манда құрамында «Меха­ника» және «Робото­тех­ни­ка­лық жүйелер» мамандық­та­рының студенттері Елжас Есен, Нұрай Жақай және Дияр Бақтыбаев бақ сы­на­ды.

Механика және маши­натану институты (ИММаш) атынан Амандық Ботай, Рамазан Налибек және Олег Кириллов  қатысты.

Студенттерді Әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ меха­ни­ка-математика факультеті Ме­ханика кафедрасының оқытушылары Б.Еспаев, Е.Савельев және Е.Темір­беков дайындады. Қаты­су­шылар олардың кәсіби қол­дауы мен жетекшілігінің үл­кен рөл атқарғанын атап өтті.

Байқаудан бөлек, қаты­су­шыларға Satbayev University зертханаларына экс­кур­сия ұйымдастырылып, студенттер заманауи жаб­дықтар мен ғылыми жо­ба­лармен танысты. Жарыс қорытындыланғаннан кейін қонақтар Шымбұлақ тау кешеніне барып, Қа­зақ­стан­ның әсем табиғаты мен мә­дениетімен жақынырақ та­нысу мүмкіндігіне ие болды.

Ұйымдастыру комитеті келесі олимпиада Қытайда, Шаньдун университетінің Вэйхай филиалында өте­ті­нін хабарлады. Жақын уа­қытта іс-шараның ресми сай­ты іске қосылып, онда бағ­дарлама, қатысу шарт­тары және тіркеу туралы ақ­парат жарияланатын бо­ла­ды.

SIOMMS-2025 ха­лық­ара­лық ынтымақтастықты ны­ғайтуға және инженерлік білім беру деңгейін арт­ты­руға бағытталған маңызды алаң болып қала береді. Қазақстандық студент­тер­дің қатысуы ел инже­нерия­сының болашағы үшін үлкен әлеует бар екенін айқын көрсетті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­си­те­тіне команданы мате­риал­дық жағынан қолдап, олим­­пиаданың ұйым­дас­ты­рушылық жарнасын то­лық қаржыландырғаны үшін ерекше алғыс білдіреміз. Университеттің мұндай қол­дауы жас инженерлерге ха­лық­аралық деңгейде білімін шыңдауға мүмкіндік берді.

Сайыста үздік нәтиже көр­сеткен біздің да­рын­ды сту­денттерімізді шын жү­рек­тен құттықтаймыз. Жеңіс пен еңбектің жемісі құтты болсын!  

Динара ТУРАЛИНА,

Механика кафедрасының меңгерушісі,

ассистент-профессор