Қазақ Ұлттық университетінің студенттерінен «Полицияның қоғамдық көмекшісі» ұйымының ашылу салтанаты.Farabi University
Референдум 15 марта

Қазақ Ұлттық университетінің студенттерінен «Полицияның қоғамдық көмекшісі» ұйымының ашылу салтанаты.

26 қаңтар, 2026

2026 жылғы 26 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында, Студенттік қалашық дирекциясының ұйымдастыруымен көптен күткен маңызды іс-шара өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – университетімізде жаңадан құрылған «Полицияның қоғамдық көмекшісі – ҚазҰУ студенттік бөлімшесін» ресми түрде таныстыру және оның құрамындағы студенттерді арнайы жеке куәліктерін табыстау рәсімі болып өтті.

Іс-шараға арнайы қонақтар ретінде төмендегі құрметті тұлғалар қатысты:

1.  Қоғам қайраткері, генерал-майор Сериков Анатолий Сайлауович;

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ардагері, подполковник Елеусизов Адылбек Мұғайлаевич;

3.  Алматы қаласы Полиция департаментіне қарасты полицияға көмек көрсету қалалық штабының басшысы Петров Евгений Николаевич;

4.  Алматы қаласы Полиция департаментіне қарасты полицияға көмек көрсету қалалық штабы басшысының орынбасары Супугалиев Сабит Булатович;

5.  Ардагер Сулейманов Ризван Сайлаудинович;

6.  Алматы қаласы Полиция департаментінің Мамандандырылған патрульдік полиция батальоны штабының бастығы, полиция майоры Рахманов Нұрсұлтан Кендеулетұлы.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.