- Басты бет
- Кампус
- Қазақ Ұлттық университетінің студенттерінен «Полицияның қоғамдық көмекшісі» ұйымының ашылу салтанаты.
Қазақ Ұлттық университетінің студенттерінен «Полицияның қоғамдық көмекшісі» ұйымының ашылу салтанаты.
2026 жылғы 26 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында, Студенттік қалашық дирекциясының ұйымдастыруымен көптен күткен маңызды іс-шара өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – университетімізде жаңадан құрылған «Полицияның қоғамдық көмекшісі – ҚазҰУ студенттік бөлімшесін» ресми түрде таныстыру және оның құрамындағы студенттерді арнайы жеке куәліктерін табыстау рәсімі болып өтті.
Іс-шараға арнайы қонақтар ретінде төмендегі құрметті тұлғалар қатысты:
1. Қоғам қайраткері, генерал-майор Сериков Анатолий Сайлауович;
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ардагері, подполковник Елеусизов Адылбек Мұғайлаевич;
3. Алматы қаласы Полиция департаментіне қарасты полицияға көмек көрсету қалалық штабының басшысы Петров Евгений Николаевич;
4. Алматы қаласы Полиция департаментіне қарасты полицияға көмек көрсету қалалық штабы басшысының орынбасары Супугалиев Сабит Булатович;
5. Ардагер Сулейманов Ризван Сайлаудинович;
6. Алматы қаласы Полиция департаментінің Мамандандырылған патрульдік полиция батальоны штабының бастығы, полиция майоры Рахманов Нұрсұлтан Кендеулетұлы.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.






Басқа жаңалықтар