“Жас маман, алға бас қадам!” атты тренинг колледжде ұйымдастырылдыFarabi University

“Жас маман, алға бас қадам!” атты тренинг колледжде ұйымдастырылды

23 қыркүйек, 2025

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде жас мамандармен “Жас маман, алға бас қадам!“атты тренинг өтті.
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.
Тренингті  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің докторант,психолог  Мөлдір Таңатарқызы мен колледж психологы Сейтова Аида Әлібекқызы ұйымдастырды. Семинар – тренинг соңында психолог  Мөлдір Таңатарқызы  жас мамандарға  қолына стикер таратып,  семинар-тренингтен алған әсерлері мен болашаққа деген сенімдерін жазып жабыстыруды ұсынды.