“Жас маман, алға бас қадам!” атты тренинг колледжде ұйымдастырылды
23 қыркүйек, 2025
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде жас мамандармен “Жас маман, алға бас қадам!“атты тренинг өтті.
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.
Тренингті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің докторант,психолог Мөлдір Таңатарқызы мен колледж психологы Сейтова Аида Әлібекқызы ұйымдастырды. Семинар – тренинг соңында психолог Мөлдір Таңатарқызы жас мамандарға қолына стикер таратып, семинар-тренингтен алған әсерлері мен болашаққа деген сенімдерін жазып жабыстыруды ұсынды.