ТДМ-4 «Студенттің стресске төзімділігі» атты семинар-тренинг өткізілдіFarabi University

ТДМ-4 «Студенттің стресске төзімділігі» атты семинар-тренинг өткізілді

13 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың психологиялық қолдау қызметі мен «Инклюзивті орта» ғылыми-тәжірибелік орталығы ТДМ-4: «Сапалы білім беру» аясында  № 6-шы жатақханада тұратын студенттерге арналған «Студенттің стресске төзімділігі» атты семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингтің мақсаты – студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал етіп, олардың стресс жағдайларына төзімділігін арттыру, болашақ маман ретінде эмоционалдық тұрақтылық пен өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру болды. Шараға Заң факультетінің белсенді студенттері қатысып, стрессті басқару мен оның алдын алудың маңыздылығымен танысты.

Семинар барысында қатысушылар келесі өзекті тақырыптарды талқылады:

Стресс және дүниетаным ұғымы, олардың өзара байланысы;

Стресс феноменінің белгілері мен оның түрлері (жедел және созылмалы стресс, позитивті және негативті стресс);

Стрессті басқару жолдары және оны жеңу әдістері;

Стрессті студенттік өмірде, оқу процесінде және кәсіби бағытта тиімді реттеу тәсілдері;

Стрессті ғылыми тұрғыда қарастыру және психологиялық аспектілері.

Семинар практикалық бөліммен жалғасын тауып, қатысушылар үшін интерактивті форматта психологиялық тренингтер мен релаксациялық жаттығулар ұйымдастырылды. Бұл жаттығулар студенттердің өзін-өзі тануына, ішкі ресурстарын анықтап, қиын жағдайларда тиімді әрекет ету қабілеттерін дамытуға көмектесті. Студенттер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, стресске төзімділіктің маңыздылығын терең түсінуге мүмкіндік алды.

Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа инсайттар мен пайдалы ақпараттар алды. Көтеріңкі көңіл-күй мен достық атмосферада өткен семинар студенттердің кәсіби бағыттарын нақтылап, кез келген қиындыққа сенімді түрде төтеп беруіне ықпал етті.

Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай іс-шаралардың жиі өткізілуі студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуы үшін аса қажет екенін атап өтті.