Ғылыми мақала жазудағы белсенділік – командалық жұмыстың нәтижесіFarabi University

Ғылыми мақала жазудағы белсенділік – командалық жұмыстың нәтижесі

2 ақпан, 2026

Маржан СҰЛТАНҒАЗИНА, Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы: 

– Маржан, қандай тақырыпқа қызыға­сыз, қандай саланы зерттеп жүрсіз?

– Мен қазір «Сұйық­тық­тағы плазма және ком­по­зиттік наноқұрылымдардың синтезі» деген тақырыпты таңдап алып, зерттеп жа­тыр­мын. Бұл бағыт плаз­ма­лық физика, мате­риал­тану және на­­но­­тех­­но­логия­лар­дың т­о­ғыс­қан тұсында ор­на­ласқан және бүгінде ең өзекті са­ла­лардың бірі бо­лып са­на­ла­ды. Себебі элек­трлік раз­ряд­тың сұйық ор­тамен өз­­ара әрекеттесу про­­­­цес­тері жаңа функ­цио­налдық ма­териалдарды эко­­ло­гия­лық таза, энергия үнем­­дей­тін және техно­ло­гия­лық тұр­ғы­дан оңай­ла­тылған әдіс­­­пен алуға мүм­кін­дік бе­реді. Бұл зерттеу жұ­мы­сы­мен 2016 жылдан бастап айналысып келемін. Сол жылы ҚазҰУ-дың Плаз­­ма физикасы, нано­тех­­но­ло­гия және компью­тер­лік фи­­­зика кафе­дра­сында «На­­но­­тех­но­ло­гия және на­но­ма­те­риал­дар» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бо­­йын­ша ма­­гис­тратураға оқуға тү­сіп, профессор Ма­ратбек Ғабдуллин мен қау­ым­­дас­ты­рылған профессор Сағи Оразбаевтың ғылыми же­тек­шілігімен жұмысымды бас­­тадым.

Бүгінде менің ғылыми жұ­­мысым көміртек-им­мо­билизацияланған нано­ком­по­зиттердің түзілуін, раз­ряд параметрлерінің бөл­шек­тер­дің морфологиясы мен фазалық құрамына тигізетін әсерін зерттеуге арналып отыр. Сондай-ақ олардың магниттік қасиеттері мен каталитикалық процестер, сенсорика, биомедицина, су тазарту және функ­цио­нал­дық материалдар жасау сияқ­ты салалардағы қол­да­ну мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған.

Бұл ғылыми бағыт әрі фун­даменталды, әрі қол­дан­балы міндеттерді қам­ты­ғандықтан, қарқынды да­муын жалғастыруда. Бі­рін­шіден, сұйық ортадағы плазманың түзілуінің негізгі механизмдері зерттеледі. Екіншіден, алынған нано­ком­позиттерді қолданудың әлеуеті ауқымдалып келеді. Бұл катализ бен сен­со­ри­кадан бастап, био­ме­ди­ци­наға, су тазартуға, функ­цио­налдық қаптамалар мен энергия сақтау жүйелеріне арналған элементтерді жа­сауға жақсы мүмкіндік деуге болады.

– Scopus базасына кі­ретін халықаралық басылымдарға көп мақалаңыз шыққан екен. Бұл үлкен ізденіс пен уақытты талап етеді. Соның бәріне қалай үлгересіз?

– Мен үшін мақала жазу­дағы белсенділік – ең ал­ды­мен командалық  жұмыстың нәтижесі. Біз тәжірибелі зерт­теушілердің жетекші­лі­гі­мен ғылыми мектеп құра­мын­да жұмыс істейміз әрі алын­ған әрбір нәтиже ұжым­дық талқылаудан, са­рап­тамалық бағалаудан өте­ді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-тех­ни­ка­лық факультетінде ака­де­мик, физика-математика ғы­­лымдарының докторы, профессор Тілекқабыл Ра­ма­занов жетекшілік ететін Шаңды плазма және плаз­малық технологиялар зерт­ханасының ғылыми семи­нар­лары аптасына бір рет өтіп тұрады. Осы семи­нар­ларда біз эксперименттік деректерді егжей-тегжейлі талдаймыз, ықтимал қа­те­лерді қарастырамыз, ин­тер­претацияларды нақты­лай­мыз және жұмыстың әрі қарайғы жоспарын қалып­тастырамыз. Мұндай фор­мат зерттеулердің са­па­сын айтарлықтай арт­ты­руға және халықаралық ғылыми стандарттарға сай мақа­ла­лар дайындауға мүмкіндік береді.

Барлық жұмысқа үлгеру нақты жоспарлаудың, мін­дет­терді дұрыс бөлудің және дағдыларды экс­пери­мент­тік, аналитикалық үз­діксіз жетілдірудің арқа­сын­да жүзеге асады. Жұмыс жүйелі түрде ұйым­дас­ты­рыл­са және командада ор­тақ ғылыми мақсат болса, жарияланымдар әр жоба­ның табиғи даму кезеңіне ай­налады.

Сонымен қатар біздің ғы­лыми мектептің түлектері әлемнің жетекші уни­вер­ситеттері мен ғылыми ор­та­лықтарымен, соның ішінде Sorbonne University (Фран­ция), Princeton University (АҚШ), Nagoya University (Жапония), University of Mons (Бельгия), Orleans University (Франция), Kyoto Institute of Technology (Жа­по­ния) және басқа ме­ке­мелермен белсенді коллаборация жүр­гізеді. Халықаралық ын­ты­мақ­тастықта ғылыми мәде­ниет­тің дамуына және жа­­рияланатын жұмыс­тар­дың деңгейінің жоғары­ла­уы­­­на ықпал етеді.

– Халықаралық басылымға мақала жазудың жауап­кер­ші­лігі қандай?

– Ғылыми мақала жазу – шы­нымен де оңай емес, бірақ қызықты процесс. Ең көп еңбекті талап ететіні нәтижелерді дұрыс талдап, оларды ғылыми тұрғыдан негізделген, дәл әрі түсінікті түрде баяндау. Әр мақала бірнеше кезеңдегі талқы­лау­дан, түзетулер мен то­лықтырулардан өтеді, бұл уақыт пен жүйелі жұмысты қажет етеді. Алайда зерттеу тобындағы бірлескен жұ­мыс, пікір алмасу және де­рек­терді бірге талдау бұл процесті едәуір жеңілдетіп, соңғы жарияланымның са­па­сын арттыра түседі.

– Әңгімеңізге рақмет. 

Сұхбаттасқан

Еңлік Ақжігіт

 

Басқа жаңалықтар