Жасанды интеллект – ел дамуының тетігіFarabi University

Жасанды интеллект – ел дамуының тетігі

12 қаңтар, 2026

Жасанды интеллект (ЖИ) бүгінде әлемдік дамудың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. 2025 жылы Қазақстан Республикасының Прези­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында жасанды интеллект технологияларын дамытуды елдің стратегиялық басым бағыты ретінде ай­қындап, бұл саланың экономиканы, ғылымды және қоғамды жаңғыр­ту­дағы рөлін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы цифрлық транс­фор­мацияның барлық салаға әсер ететінін айтып, нақты міндеттер жүктеді. Осы бағытта университеттің ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті жүйелі әрі мақсатты жұмыс жүргізіп келеді.

2025 жылы ұжымымыз бірқатар та­быс­тарға қол жеткізді. Факультет білім беру, ғылыми-зерттеу және қоғамдық тә­жірибе аясында белсенді қызмет атқарды. Жыл инновациялық жобалар мен стартап-бастамаларға толы болды. Эк­о­логия, ци­фр­лық технологиялар, де­рек­терді өң­деу және жасанды интел­лек­тіні қолдану бағыттарында бірқатар маңызды іс-ша­ралар ұйымдастырылды.

Факультет бастамасымен «Матема­ти­ка, механика және ақпараттық техно­ло­гиялар» атты Х халықаралық ғылыми кон­ференциясы, Parallel Computing Tec­hnologies (PaCT-2025) 18-ші халық­ара­лық конференциясы, сондай-ақ ҚазҰУ қабыр­ға­сында өткен CSAM-2025 халықаралық конференциясы жоғары деңгейде өткі­зіл­ді. Бұл шаралар отан­дық және шетелдік ға­лымдардың тә­жі­ри­бе алмасуына мүм­кіндік берді.

Факультет студенттері мен оқыту­шы­лары үшін оқу бағдарламалары мен зерт­теу жобалары үнемі жаңартылып отырды. Жыл бойы салалық семинарлар мен ше­берлік сабақтары ұйымдас­ты­ры­лып, жа­санды интеллектінің прак­ти­ка­лық қол­да­нылуы, заманауи құралдар мен тех­­­нологиялар кеңінен талқыланды. Со­ны­мен қатар беделді IT-компаниялар өкіл­дерімен кездесулер өткізіліп, сту­­дент­­­тердің кәсіби бағдарын айқындауға басымдық берілді.

Қазан айында ұйымдастырылған AI WEEK 2025 аясында өткен «Студенттік AI STARTUP» байқауы факультеттің та­бысты жобаларының бірі болды. Бұл шара жасанды интеллект саласындағы студенттік идеялар мен технологиялық шешімдерді қолдауға бағытталды. Фа­куль­тет басшылығы жастарды ци­фрлық трансформацияға тартудың және жоға­ры технологиялық жобаларды қолдау­дың маңызын атап өтті.

Қараша айында факультет «Farabi GreenCampus: Таза университет» эко­ло­гиялық жастар форумы аясында «ЖИ және жасыл болашақ» стартап-кон­кур­сын және бейнеролик байқауын сәтті өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты – жа­сан­ды интеллектіні экологиялық бас­та­малармен ұштастырып, жас зерт­теу­ші­лер­дің тың идеяларын қол­дау. Қа­тысушы командалар табиғатты қор­ғау мен ресурстарды тиімді пай­далану бағытындағы инновациялық жо­­баларын ұсынды. Бұл бастамалар эко­­логиялық жауапкершілік пен ци­фрлық сауаттылықты арттырудың ма­ңы­зын көр­сетті.

Факультет оқытушылары мен сту­дент­тері республикалық және ха­лық­аралық байқауларда да жоғары нә­ти­же­лер көрсетті. Атап айтқанда фа­культет командасы «AI-Sana Shakarim Solveathon: AI & Agriculture-2025» республикалық хакатонында 1-орынды иеленді, IT-FEST 2025 фестивалінде CTF бағыты бойынша 2-орын алды. Сон­дай-ақ ІСРС 2025 ха­лық­аралық бағдарламалау олимпи­а­да­сы­ның фи­на­лына жолдама алды.

Факультет ғалымдары жүрек-қан та­мыр­лары ауруларын ерте анықтауға ар­налған «Zhurek AI» платформасын әзір­леп, Scopus базасында ғылыми ма­қа­ла­лары жарияланған факультет докторанты, жас ғалым Салтанат Бай­пақ­баева ғылым мен білім саласындағы ізденістері үшін марапатталды. Бұл жетістіктер жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетінің артып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Өтіп бара жатқан жыл факультет үшін жаңа белестер мен маңызды бас­та­маларға толы болды. Университет оқу үдерісіне IT-саласындағы инно­ва­ция­ларды енгізе отырып, жасанды ин­теллект бағытында жоғары білікті ма­ман­дар даярлауды жалғастыруда. 2025 жылғы жетістіктер елдің стратегиялық мақсаттарына сай келетін білім беру мен ғылыми зерт­теу­лерді одан әрі ны­ғайтуға серпін береді.

 

Нұрбол БЕЙСОВ,

ақпараттық технологиялар және

жасанды интеллект факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық

ынтымақтастық жөніндегі орынбасары